«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерін қамтиды.
Қазіргі қоғам мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |