-«5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;
-«4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;
-«3» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;
-«2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.
Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері. Білім алушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескеретін жағдайлар:
мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;
орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі білім алушыға түсінікті болуы тиіс.
Білім алушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады.
«Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
Білім алушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады.
1) 6, 8, 9-сыныптарда жұмыс дәптерлері аптасына бір рет тексеріледі;
2) 9 - сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада бір рет тексеріледі;
«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша білім алушы өзі толтыруы қажет:
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады). Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
- сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- мәтін азат жолдан басталады;
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Баға тапсырмадан кейін дәптердің сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау). Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.
Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.). Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет.
Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:
орфографиялық қате – /.
тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде отандық және әлемдік тәжірибедегі жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың артықшылықтары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін топтық жұмыстар арқылы оқыту жолдары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін құзыреттілік тұрғысынан оқыту нәтижелері туралы;
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;
Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.