НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (6, 8, 9-сыныптар)
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Әдебиет», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).
6, 8, 9 -сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
9 - сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы білім алушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – білім алушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант).
23-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі
Сыныптар
|
Жазба жұмыстардың
түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
6
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
8
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
9
|
Диктант
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
7
|
7
|
7
|
7
|
28
|
Диктант – білім алушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.
Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады .
24-кесте – Диктант нормасы
Сыныптар
|
Диктант саны
|
Сөздер саны
|
Орфограмма саны
|
Тыныс белгілері
|
6
|
12
|
100-110 сөз
|
16
|
3-4
|
8
|
12
|
120-150 сөз
|
24
|
10
|
9
|
4
|
150-170 сөз
|
24
|
15
|
Диктант белгілі бір тақырып бойынша білім алушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.
Диктанттың мәтінінде:
- 6 - 7 сөзден артық емес,
- 8-9 - сыныптарда - 10 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Білім алушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.
Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды білім алушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типтінемесебіртектіқателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдау;
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.
Жеңіл қатеге жатады:
1) ережеге бағынбайтын сөздер;
2) автор сөзін берудегі тыныс белгілері.
Ескерту:диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
Достарыңызбен бөлісу: |