Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет93/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   185
«Абайтану» курсы
«Абайтану» курсы курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.


Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.


Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің көлемі:
10 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет