3. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының құқықтық ережесі және қаржылық қамтамасыз етілуі
56. Гимназиялардың, лицейлердің, бейіндік мектептердің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
57. Гимназиялардың, лицейлердің педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымшаақы белгіленеді:
1) ғылым кандидаты үшін – бір айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде;
2) ғылым және PhD докторлары үшін – екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде.
58. Гимназия мен лицейлерге білім алушылардың таңдауы бойынша факультативтерге және қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, сондай-ақ әр сыныпқа үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар және т.б. ұйымдастыру үшiн мұғалімдерге 0,25 ставкада, сондай-ақ шарт негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi. Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі.
59. Мемлекеттік гимназиялар мен лицейлерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі.
4. Халықаралық ынтымақтастық
60. Гимназиялар, лицейлер және бейіндік мектептер:
1) білім беру, ғылым, мәдениет салалары бойынша халықаралық қызметтерге қатысуға;
2) ынтымақтастық туралы, оқытушылар мен оқушыларды алмастыру туралы шетелдiк білім беру орындарымен келісім жасауға. Шетелге жолдама беру үшін мұғалiмдер мен оқушыларды таңдауды лицей кеңесi жүзеге асырады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірлескен білім беру ұйымдарын құруға құқылы.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы «17» қыркүйек
№ 375 бұйрығына 3-қосымша
Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және олардың қызметінің тәртібін анықтайды.
2. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдарының түрлеріне: шағын жинақты мектеп (бұдан әрі - ШЖМ) және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы және аурухана жанындағы мектеп жатады.
Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
3. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;
2) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
3) магниттік мектеп – аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бұйрығымен тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітілген шағын жинақты мектеп.
2. Шағын жинақты және тірек мектептері (ресурстық
орталық) қызметінің тәртібі
4. ШЖМ мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) қызметі осы Үлгілік қағидаларға және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. ШЖМ мен тірек мектептерінің (ресурстық орталықтар) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және кеңейту;
2) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану;
3) сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектептерінде (ресурстық орталықта) ШЖМ-ның білім беру ресурстарын біріктіру;
4) тірек мектебінде (ресурстық орталықта) нұсқаушы, аралық және қорытынды сессиялық сабақтар ұйымдастыру шараларын іске асыру;
5) біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
6. Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:
1) бастауыш ШЖМ білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;
2) негізгі ШЖМ білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;
3) орта ШЖМ білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді.
7. Тірек мектебі (ресурстық орталық) аудандық (қалалық) әкімдіктің қаулысымен материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базалар мен кадрлық ресурстар болған жағдайда жалпы білім беретін мектептің базасында құрылады. Магнитті ШЖМ-лар аудандық (қалалық) білім бөлімінің бұйрығымен тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітіледі.
8. Сессиялық сабақтар кезеңінде тірек мектебі (ресурстық орталық) білім алушылардың тұруын, тамақтануын, тасымалдануын ұйымдастырады, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын келісуді, сыныптар мен сессия қатысушыларының санын анықтауды жүзеге асырады.
9. ШЖМ-да оқу-тәрбие процесі біріктірілген сыныптарда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға сәйкес қамтамасыз етіледі.
10. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу-тәрбие процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады және магнитті ШЖМ білім алушылары үшін ұзақтығы он күндік оқу сессияларын (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, аралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде, қорытынды – сәуір айының үшінші онкүндігінде) өткізуді қамтиды. Сессияаралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.
11. ШЖМ-да жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі.
Сыныптарды бір сынып-кешенге қосу және біріктіру жағдайында әртүрді жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс.
ШЖМ-дағы сыныптардың толымдығына 3-10 және одан көп адамға дейін рұқсат беріледі.
Үш немесе төрт сынып біріктірілген жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады.
Бірінші сынып пен бітіруші сыныптардың білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.
12. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатиканы оқытуда, ырғақ, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ бейінді пәндер бойынша зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізу кезінде кіші топтарға бөлуге жол беріледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып 20-25 адаммен, 8-11 сыныптарда 15-20 адаммен толықтырылған жағдайда Тірек мектебі (ресурстық орталық) Қамқоршылық кеңесінің шешімімен жүргізіледі.
13. Жас ерекшеліктері бойынша оқыту әдістемесін қолдану кезінде мыналарды қосып оқытуға жол беріледі:
1) екінші және үшінші сыныптар;
2) үшінші және төртінші сыныптар немесе екінші және төртінші сыныптар;
3) бесінші және алтыншы сыныптар, алтыншы және жетінші сыныптар;
4) жетінші және сегізінші сыныптар.
Білім алушылардың хат және математика сабақтарында бағдарламалық материалдармен өзіндік жұмыс жүргізуі үшін мейлінше рұқсат етілген ұзақтық екінші сыныпта 15-20 минуттан, үшінші сыныпта 15-25 минуттан аспайды;
14. Тірек мектебінің (ресурстық орталық) оқу-тәрбие жоспары магнитті ШЖМ-ның оқу-тәрбие жоспарын ескере отырып әзірленеді.
ШЖМ мен тірек мектебінің (ресурстық орталық) жылдық оқу-тәрбие жоспары үйлестіру кеңесінің отырысында бекітіледі, ауданның (қаланың) білім бөлімімен келісіледі, білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
15. Сессиялардың ұзақтығы тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) және магнитті ШЖМ-ның үйлестіру кеңесі бекіткен оқу процесінің кестесіне сәйкес үш күннен он күнге дейін белгіленеді. Бастапқы сессия оқу жылының басында өткізіледі.
Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларына кіру тестілеуі өткізіледі, оларды оқытудың жеке бағыты анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады.
Қорытынды сессияда оқытудың жеке бағытын іске асыру бойынша таңдау бойынша базалық пәндер мен курстар бойынша түйінді проблемалар анықталады, білім алушылар дайындығының деңгейі бағаланады.
16. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) пән оқытушыларының қашықтықтан қолдауымен өткізіледі.
17. Сессия кезеңінде тірек мектебі (ресурстық орталық) толық күн режимінде жұмыс істейді.
18. ШЖМ-ны дамытудың өңірлік орталықтары оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады.
19. Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) педагогтеріне еңбекақы төлеу аптасына 18 сағат есебінен белгіленеді, оның ішінде 6 сағат ғылыми-әдістемелік және эксперименттік жұмыстарға бөлінеді.
20. Тірек мектебі (ресурстық орталық) директорының, орынбасарының, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушының лауазымдық жалақысы жалпы білім беретін мектептегі сияқты білім алушылардың ең көп толықтығымен белгіленеді.
21. Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) жұмысты қоса атқаратын жоғары оқу орындарының оқытушыларына білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте сағаттық еңбекақы төлеу белгіленеді.
22. Тірек мектебін (ресурстық орталықты) қаржыландыру бюджет қаражатының, қамқорлыққа алған ұйымдардың жарналары және ақылы білім беру қызметін көрсету есебінен жүзеге асырылады.
23. Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) қызметі қажеттілік болмаған жағдайда тоқтатылады.
3. Түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп қызметінің тәртібі
24. Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептер (бұдан әрі - Мектеп) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ұсынысына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.
25. Мектептің құрылтай құжаттары қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
26. Мектептің негізгі міндеттері:
1) жасы отызға жетпеген сотталғандардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді міндетті алуы;
2) отыз жастан асқан сотталғандардың қалауы бойынша жалпы орта білім алуы;
3) кәсібі (мамандығы) жоқ сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуы.
27. Мектептер білім беру процесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
28. Мектеп қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен айқындалады. Мектептің қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
29. Мектепке негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар білім туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Сотталғандардың білім деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізіледі.
30. Қабылдау түзету мекемесінің басшысымен келісілген Мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды толықтыру оқу жылы бойы жүргізіледі.
Білім алушылардың міндеттері Мектеп Жарғысымен және Түзету мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
31. Мектепте оқу процесі қолданыстағы Үлгілік оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Мектепте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, өндірістік кәсіпорынның екі ауысымдық жұмысы кезінде оқу сабақтары екі ауысымда ұйымдастырылады және аптасына 5-6 күн өткізіледі.
Мектепте оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.
33. Мектепке басшылық жасауды білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалған директор жүзеге асырады.
34. Мектеп директоры түзету мекемесі басшысының келісімі бойынша Мектеп басшысын, педагог қызметкерлерді, техникалық қызметкерлерді тағайындайды және лауазымнан босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Мектеп директорының, басшының, педагог қызметкерлердің, техникалық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Мектеп Жарғысымен және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
36. Мектеп директоры мен педагог қызметкерлер Жасақ тәрбиешілері кеңесінің құрамына кіреді, мекеме әкімшілігімен бірлесіп, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарға қатысады.
37. Түзеу мекемесінің әкімшілігі:
1) міндетті жалпы білім беру және кәсіптік оқытуға жататын сотталғандардың есебін жүргізеді;
2) Мектеп әкімшілігінің, педагогикалық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мекеме бөлімдері мен қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) Мектептің педагогикалық ұжымына мекеменің сотталғандарды оқыту, түзету мәселелері жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;
4) Мектеп қызметкерлерінің мекемеде белгіленген режимдік талаптарды сақтауына бақылау жасайды;
5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің аумағында болған уақытында олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;
6) Мектепте сотталғандардың сабаққа қатысуларына күнделікті бақылауды жүзеге асырады.
38. Мектептің педагогикалық ұжымы:
1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді;
2) сотталғандарды ұстау режимінің талаптарын ескере отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;
3) білім алушыларға сабақтарға дайындалуына, өз бетінше білім алу әдістерін меңгеруіне, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына көмек көрсетеді;
4) мекеме әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;
5) Мектеп қызметкерлерінің Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген сотталғандармен өзара қарым-қатынасты сақтауын қамтамасыз етеді;
6) оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.
39. Мектептің педагогикалық қызметкерлері мен техникалық қызметкерлері Түзеу мекемелерінің қызметі қағидаларының талаптарын бұзған жағдайда мекеме аумағына жіберілмейді.
40. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ мектеп орынжайларын ұстауға байланысты шығыстар (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және өзге шығындар), қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу түзеу мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшылық пен педагогикалық қызметкерлердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Кешкі мектеп қызметінің тәртібі
41. Кешкі (ауысымды) мектеп (бұдан әрі – Мектеп) Қазақстан Республикасының азаматтарына, жұмыс істейтін және жұмыссыз шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді.
42. Кешкі мектеп негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерешеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.
43. Кешкі (ауысымды) мектеп мемлекеттік мекеме немесе коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретінде құрыла алады.
44. Осы Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кешкі (ауысымды) жалпы орта білім беретін мектептер үшін үлгілік болып табылады.
45. Мектеп мынадай нысандар бойынша оқытуды жүзеге асырады: бір білім беру ұйымының шегінде күндізгі, кешкі, сырттай, жеке, экстернат.
46. Білім беру бағдарламаларын меңгеру шарттары мен тәртібі осы Қағидалармен және Мектеп Жарғысымен белгіленеді.
47. Мектепті құру, қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
48. Кешкі мектеп:
үлкен қалаларда – кемінде 100 білім алушы,
шағын қалаларда – кемінде 80 білім алушы,
қала типіндегі кенттерде – кемінде 50 білім алушы;
ауылдық жерлерде – кемінде 30 білім алушы болған жағдайда құрылады.
49. Кешкі және сырттай оқыту нысандарында сыныптар кемінде 9 білім алушы болған жағдайда ашылады.
50. Қажетті қаражат пен жағдайлар болған жағдайда жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша кешкі мектептер жанынан оқу-кеңес беру пункттері, толықтығы аз (1-ден 8-ге дейін білім алушы) сырттай оқу сыныптары немесе топтары ашылады.
51. Кешкі мектеп меншік нысанына қарамастан, білім беру кәсіпорындары мен ұйымдарында оқу-кеңес беру пункттерін, сыныптар, сырттай оқыту топтарын ашады.
52. Күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанында оқу-кеңес беру пункттері, сырттай оқыту сыныптары мен жеке топтар, сондай-ақ күндізгі жалпы білім беретін мектептерде кешкі бөлімдер:
1) қалаларда кемінде 50 білім алушы;
2) қала типіндегі кенттерде кемінде 30 білім алушы, ауылды жерлерде кемінде 15 білім алушы болған жағдайда ашылады.
53. Күндізгі, сырттай оқу нысандары бойынша оқу-кеңес беру пункттерінің білім беру процесін ұйымдастыру осы Қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
54. Кешкі мектеп пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, түзете оқыту сыныптарын (топтарды) ашады.
55. Кешкі мектептің барлық деңгейіндегі сыныптардың толықтырылуы күндізгі оқыту нысаны бойынша төмендегі құрамда бекітіледі:
қалалық білім беру ұйымдарында – 20 білім алушы;
шағын қалаларда және қала типіндегі кенттерде – 15 білім алушы;
ауылдық білім беру ұйымдарында – 10 білім алушы.
56. Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.
57. Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту кешкі оқытудың сырттай нысанына қарастырылмайды.
58. Кешкі мектепке 15 жасқа толған, төмендегі құжаттар негізінде оқуға тілек білдірген тұлғалар қабылданады:
ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші;
жеке өтініші;
негізгі жалпы білім туралы куәлік;
соңғы оқу жылындағы үлгерім табелі;
білім беру ұйымының академиялық анықтамасы (аталған оқу орнында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша сағаттар саны мен бағаларын міндетті көрсете отырып);
жеке куәлік немесе туу туралы кәулік;
жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтіндер үшін);
медициналық анықтама, 086 нысаны;
мекенжайы туралы анықтама.
59. Ерекше жағдайларда, кешкі мектепке қалалық және аудандық Әкімдіктер жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімімен жіберілген тұлғалар қабылданады.
60. Кешкі мектепке қабылдау оқу жылы басталғанға дейін жүргізіледі және мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.
61. Басқа білім беру ұйымдарынан келген тұлғалар оқу жылының барысында тиісті сыныптарға қабылданады (қорытынды және ағымдық бағалары ескеріле отырып).
62. Кешкі мектептегі білім алушылар контингенті жылына екі рет анықталады: әрбір жартыжылдық басында.
63. Кешкі мектеп білім беру процесін екі сатылы жалпы білім беру бағдарламаларының деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырады:
II саты – негізгі орта білім (меңгеру мерзімі: 3 жыл: 7, 8, 9 (10) сыныптар).
III саты – жалпы орта білім (меңгеру мерзімі: 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар).
64. Кешкі мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.
65. Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.
66. Оқу жылы 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін жалғасады. Оқу жылының ұзақтығы – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 апта.
67. Кешкі мектеп, кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметі, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.
68. Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.
69. Білім алушыларды кешкі мектепке қабылдау тәртібінің Заңда қарастырылмаған бөлігі білім беру ұйымының Жарғысымен белгіленеді. Оқушыларды мектепке қабылдау олардың мекенжайына, тұрғылықты ауданына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жүзеге асырылады.
70. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
71. Кешкі мектепте білім алушыларға жұмыстан қол үзбей қысқартылған жұмыс аптасына, жұмыс орны бойынша қосымша ақылы демалыс пен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында белгіленген тәртіпте ұсынылатын басқа да жеңілдіктер алуға құқық берілген.
72. Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
73. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
74. Кешкі мектепті жалпы басқаруды өкілдік орган – Педагогикалық кеңес жүзеге асырады, оның құзыреті мектеп Жарғысымен белгіленеді.
75. Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
76. Кешкі мектеп өзінің Жарғысы, мөрі, банкте есеп шоты бар дербес заңды тұлға болып табылады.
77. Мектеп жеке ғимаратта орналасуы тиіс. Ерекше жағдайларда, жергілікті Әкімдіктер жалға алған ғимаратта болуы қажет.
78. Мектеп қызметін қаржылық қамтамасыз ету қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
5. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
79. Білім беру ұйымы оқу-тәрбие (емдеу-тәрбиелеу) мекемесі болып табылады және әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалатын, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін құрылады.
Білім беру ұйымының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;
5) оқыту және тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.
81. Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған қыз балалар мен ұл балаларды бөлек орналастыруды қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады. Ер және әйел жынысты тәрбиеленушілердің, сондай-ақ 11-14 жастағы тәрбиеленушілердің жатын корпустарын 15-18 жастағылардан оқшау орналастыру міндетті шарт болып табылады.
82. Білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
83. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымына алу үшін құжаттар жинауды кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
84. Білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар білім беру органдарына қарасты Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (бұдан әрі – КБО) арқылы жеткізіледі.
85. Кәмелетке толмағандарды білім беру ұйымдарында ұстау шарты Жарғымен, Ішкі тәртіп ережесімен және осы Қағидалармен реттеледі.
86. Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
87. Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды оқыту және тәрбиелеу олардың жасын және жеке ерекшеліктерін ескере отырып сараланып жүргізіледі.
88. Тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие процесімен және әлеуметтік оңалтумен байланысты емес іс-шараларға тартуға жол берілмейді.
89. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің кәсіптік практикасы білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
90. Білім беру ұйымында еңбекке оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта кәмелетке толмағандардың жасы мен дене дамуын ескере отырып күніне екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.
91. Бітіру емтихандарын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі және біліктілікті беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.
92. Директор, оның орынбасарлары, педагогтер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүйелі байланысын қамтамасыз етеді.
93. Білім беру ұйымы өзінің қызметі туралы құжаттама мен статистикалық есептілікті Заңға сәйкес жүзеге асырады.
6. Ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған
білім беру ұйымы қызметінің тәртібі
94. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесі болып табылады және қылмыстық белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
95. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі міндеттері девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының негізгі міндеттеріне ұқсас.
96. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ер балалар мен қыз балаларға жеке құрылады.
97. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке
толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі.
98. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандарды жеткізу білім беру органдарының иелігіндегі КБО арқылы жүзеге асырылады.
99. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке ісін ресімдеу оның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
100. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдау директордың бұйрығымен ресімделеді.
101. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8170 тіркелген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес жүзеге асырылады.
102. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке басы ерекшеліктерін ескере отырып сараланып жүзеге асырылады.
103. Директор, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүйелі байланысын қамтамасыз етеді.
104. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өз қызметі туралы құжаттама мен статистикалық есептілікті Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Аурухана жанындағы мектеп қызметінің тәртібі
105. Аурухана жанындағы мектептер Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құрылады. Аурухана жанындағы мектеп ұзақ уақыт емделіп жүрген балаларға 1-11 (12) сыныптарда білім алуға құқық береді.
106. Аурухана жанындағы мектептің қызметі мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен реттеледі, ол Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамаларына сәйкес лицензиялауға жатады.
107. Аурухана жанындағы мектеп білім беру процесін қолданыстағы ҮОЖ сәйкес жүзеге асырады.
Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін және нақты ұйым ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларын әзірлеуді мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.
108. Аурухана жанындағы мектепте сабақ аптасына 5 рет өткізіледі (сенбі, жексенбіден басқа), апталық оқу жүктемесі реттеледі (аптасына 3 сағаттан 20 сағатқа дейін).
109. Аурухана жанындағы мектепте оқыту жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар оқитын оқулықтар мен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Аурухана жанындағы мектепте білім алушылар оқулықтармен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
110. Аурухана жанындағы мектептің оқыту нысаны білім алушының денсаулық жағдайымен анықталады: дербес (негізгі аурудың ауыртпалығы бойынша) немесе сыныптық-сабақтық.
111. Аурухана жанындағы мектепте білім алушыларға жеке іс қағазы ресімделеді және қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
112. Аурухана жанындағы мектептерде сыныптық, өзіндік және бақылау жұмыстары жүргізіледі, білім алушылардың білімі бағаланады, тоқсан аяқталғанда тоқсандық бағалар қойылады.
113. Оқу жылы аяқталған соң 1-8 (9) сынып білім алушыларына жылдық және қорытынды бағалар қойылады және бұйрықпен келесі сыныпқа ауыстырылады.
114. 9, 11 (12)-сынып білім алушылары мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Емтихан және қорытынды бағалары бойынша білім алушыларға мемлекеттік үлгіде құжат беріледі.
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы « 17» қыркүйек
№ 375 бұйрығына 4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |