Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің



бет23/33
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#25110
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Біріктірілген білім ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан біріктірілген білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.


2. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері :
1) мектеп-гимназия;
2) мектеп-лицей;
3) қосымша білім беру мектеп-орталығы;
4) мектеп-интернат-колледж;
5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені);
6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық);
7) оқу-тәрбие орталығы (кешені);
8) оқу орталығы болып табылады.
3. Біріктірілген білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау тәртібі 2012 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес іске асырылады.
4. Ұйымдардың үлгілері мен түрлері бойынша сыныптардың (топтардың) жиынтықтылануы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша біріктірілген білім беру ұйымдары бекітілген аумақ шегінде, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дербес( аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргізеді.
6. Біріктірілген білім беру ұйымдарының штаттық саны оның Жарғысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына белгіленеді.
7. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғалар педагогикалық қызметпен шұғылдана алады.
Білім беру ұйымдарына сот үкімі немесе медициналық қорытынды негізінде педагогикалық қызметке тыйым салынған, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпте жазасы өтелмеген және сотталғандығы кешірілмеген тұлғаларға педагогикалық қызмет етуге рұқсат берілмейді.
8. Біріктірілген білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Инклюзивтік білім беруді іске асыру мақсатында біріктірілген білім беру ұйымдары даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
10. Сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда, сыныптарды бөлу сынып оқушыларының жалпы санын әрбір осындай балаға үш балаға кеміту есебінен жүзеге асырылады.
11. Сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушыларды дені сау балалармен бірге оқыту жалпы білім беру бағдарламасы, сондай-ақ (аудандық,қалалық) Психологиялық-медико-педагогикалық кеңес ұсынымдарына сәйкес арнайы оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. (бұдан әрі - ПМПК)
12. Оқу жылының қорытындысы бойынша, білімнің бастауыш сатысындағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларда 1-2 пәннен академиялық берешектері болса, жаздық тапсырмалар мен емтихандарды тапсырғаннан кейін келесі сыныпқа көшіріледі, үш немесе одан да көп пәндер бойынша оқу жылының бағдарламасын игермеген оқушылар, келесі сыныпқа көшірілмейді немесе ата-аналарының өтініші және ПМПК қорытындысы бойынша арнайы сыныптарға ауыстырылады.
13. Біріктірілген білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балаларға мектепке дейінгі шағын орталық пен мектепке дейінгі сыныптар ашылады.
14. Мектепке дейінгі шағын орталықтар мен мектепке дейінгі сыныптар білім беру процесінде мектепке дейінгі балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, келесі жұмыс түрлерін жүргізеді: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрлық және басқа да жұмыстар, сондай-ақ баланың жеке мүмкіншілігін қарастырады, балалардың жас ерекшелігі және психологиялық ерекшелігіне қарай әртүрлі шағын топтардағы жұмыстар.
15. Мемлекеттік біріктірілген білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
16. Біріктірілген білім беру ұйымдары өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес, шетелдік білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыс орната алады; серіктестік туралы екіжақтық және көпжақтық келісім шарт жасауға, білім саласында халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (бірлестіктерге) кіруге құқылы.
17. Біріктірілген білім беру ұйымдары заңды тұлға ретінде өзінің атауы, жарғысы, заңнамаға сәйкес банктерде есепшоттары, бланктері, бекітілген үлгідегі мөрі болады.
18. Біріктірілген білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі
19. Біріктірілген білім беру ұйымдарында білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген жұмыс жоспарларымен және оқу жоспарымен анықталады.
Нақты ұйымның ерекшелігін сипаттайтын және негізгі оқу жоспарының вариативті бөлігінің құрамына кіретін жұмыс оқу жоспары және оқу пәндерінің бағдарламаларын мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.
Мектеп–гимназияларда, мектеп–лицейлерде пәндерді тереңдете оқыту үшін әр сыныпқа 4 сағаттан оқушылардың таңдауы бойынша факультативтер мен қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді. Үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдастық және т.б. ұйымдастыру үшін мұғалімдерге әрбір сыныпқа 0,25 ставка, сондай–ақ, жоғарғы білікті мамандармен келісім шарт негізінде жеке курстар мен лекциялар өткізу үшін мектепке жылына есеппен 1500 сағатқа қаржы бөлінеді.
Факультативтік сабақтар және қалауы бойынша курстар топта 10 адамнан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.
20. Біріктірілген білім беру ұйымында сабақтар кестесі, осы ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.
21. Сабақ кестесінде күнделікті сабақ саны, сабақтың уақыты мен жүйелігі көрсетіледі.
Біріктірілген білім беру ұйымдарының сабақ кестесінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің белсенді демалуы және тамақтануы үшін үзіліс қарастырылған.
22. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрлерінінің оқушылары үшін сабақтар аралығындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол береді.
23. Білім беру ұйымдарындағы бір сабақтың ұзақтығы – қырық бес минут (арнайы сыныптарда қырық минуттан аспауы тиіс.
Сабақтар сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, күндізгі оқу жүктемесі бастауыш мектепте бес сабақтан, негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғарғы мектепте сегіз сабақтан аспайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет