Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша


Қосымша білім беретін мектеп–орталықтардың



бет25/33
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#25110
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
3. Қосымша білім беретін мектеп–орталықтардың
қызмет қағидалары

29. Қосымша білім беретін мектеп-орталық - бұл құрылымдық бөлімшесінде қосымша білім беру орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп.(бұдан әрі - Орталық)


30. Орталық қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру.
31. Аталған мақсатты жүзеге асыруда Орталықтың негізгі міндеттері:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін ашу;
4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;
5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7) балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;
8) қоғамдық өмірге бейімдеу;
9) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;
10) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;
32. Орталық 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерін, педагог-ұйымдастырушыларды, әлеуметтік педагогті, қосымша білім беретін педагогтарды және оқушыларды біріктіреді. Орталықты басқару жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқарады.
33. Орталықтың жұмысы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу жылына құрған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрылады және мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
34. Орталық сабақтан тыс уақытта клубтар, студиялар, үйірмелер, секциялар ұйымдастырады.
35. Орталықтың жоспарлаған жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) тәрбие бағыты бойынша: денешынықтыру-спорттық, туристік-өлкетанымдық, көркем-эстетикалық, табиғи-ғылыми, экологиялық-биологиялық, әскери-отаншылдық;
2) бейіндік бағыт бойынша: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық.
36. Орталық барлық мектептерге қызмет етеді, барлық қалаушылар үшін, сондай-ақ өзге мектептердің оқушылары үшін де есігі ашық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет