Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР



бет40/40
Дата12.10.2020
өлшемі0,88 Mb.
#65380
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
10-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
32-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ОСЫ КОДЕКСТІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
      185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
                саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 159-бабының 2-тармағының 8), 10), 11) тармақшаларын және 13-тармағын қоспағанда, осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:
      1) "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 23, 921-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 93-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат);
      2) "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 86-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
      3) "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат);
      4) "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы" 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 104-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
      5) "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат);
      6) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат);
      7) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 124-құжат);
      8) "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат);
      9) "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 13, 73-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат);
      10) "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 12, 45-құжат);
      11) "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 91-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат).
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет