Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ



бет6/40
Дата12.10.2020
өлшемі0,88 Mb.
#65380
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
      23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық
               қамтамасыз ету көздері
      1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:
      1) бюджет қаражаты;
      2) ерікті сақтандыру қаражаты;
      3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.
      2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
               көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын
               қаржыландыру нысандары
      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру:
      1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін - жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша;
      2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшін - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарт негізінде жүзеге асырылады.
      25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету
               көздерін пайдалану
      1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:
      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;
      4) дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға;
      5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;
      6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;
      7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.
      2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Шығындарды өтеу көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет