Жалпы экология негіздері 1-дәріс. Экология пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері Дәрістің мақсаты



бет16/34
Дата22.04.2022
өлшемі76,37 Kb.
#140433
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАГЫ - Эк ж ТК

Заманауи экологиялық мәселелер
Жоспар
1. Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер
2. Озон қабатының жұқару себептері
3.Фреондар қандай зиян әкеледі?
4. Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары
5. «Жылу эффектісі»

  1. Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер

1. Озон қабатының жұқару себептері

  1. Фреондар қандай зиян әкеледі?

  2. Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары

  3. «Жылу эффектісі»

2. «Озон тесігі»


Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:
1. Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы («озон экраны»).
2. Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.
Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3 %-ға азайған. Егер озон 1 % азайса, онда терінің рак ауруы 5-7 %-ға көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50 % жұқарған.
Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.
«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған.
Озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады.
Пропилент – фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп, күшті хлор бөледі. Әрбір хлор атомы 100 мың озон атомын бұзады.
Монреальдық отырыста 1980-2000 ж.ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50 % қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру мәселесі қарастырылған.
Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС)–>(ГХФС) гидрохлорфторкөміртекпен алмастырылып жатыр, олардың өмір сүруі 2-25 жылға қысқа, О3-ды ыдырату потенциялы ХФС-ға қарағанда 10 есе аз. Озон қабатының тұрақтылығын жоғарлатудың басқа жолдары іздестірілуде. Озон қабатына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электормагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциациясын жақсартады және озонның жинақталуы мен түзілуіне ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет