4. «Қышқылдық жаңбырлар» Күкірт тотығы – қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70 %-ды құрайды. Ал 20-30 % қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2, шығаруларына байланысты.
Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 ж.ж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.
Қалаларда 70-90 % атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.
Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.
Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.