Жалпы экология негіздері 1-дәріс. Экология пәні, зерттеу әдістері, мақсаты мен міндеттері Дәрістің мақсаты


Зиянды өндірістік факторлар және олардың адамға әсерін төмендету жолдары



бет26/34
Дата22.04.2022
өлшемі76,37 Kb.
#140433
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАГЫ - Эк ж ТК
2 сит, Назгүл Сунақбай геометрия, Документ Microsoft Office Word (2)
Зиянды өндірістік факторлар және олардың адамға әсерін төмендету жолдары

1. Өндірістік шаң және химиялық күйік


2. Кәсіби уланудың алдын алу


Өндірістік шаң және химиялық күйік. Өндірістік шаң деп, жұмыс орнында мөлшері бірнеше ондаған микрометрдей болатын қатты ұсақ бөлшектер. Шаңның жіктелуінде ең маңызды болып, дисперстілік дәрежесіне байланысты жіктеледі: көрінетін щаң, мөлшері 10 мкм-ден үлкен, ауадан жерге түсетін шаң, микроскопиялық шаң, мөлшері 10-0,25 мкм ауада баяу қозғалатын, ультрамикроскопты шаң, мөлшері 9,25-ден аспайтын шаң.
Зиянды әсер улы шаңдарда көп байқалады. Олардың қатарына мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде катализатор ретінде қолданылатын кремний диоксиді жатады. Бұл катализаторлардың шаңы кәсіби ауру – силикозды туғызады. Мұрын тұмсықтарымен мұрын жолдарының ауруларын туғызатын катаризаторлар алты- және үш валентті хром және тағы басқа улы заттар нафтен қышқылдары, амино-, нитроқосылыстар.
Химиялық күйік мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында, химиялық активті заттар, әсіресе қышқылдар мен сілтілер теріге күйік туғызады.
Химиялық күйікті технологиялық жабдықтар сақтандырады. Режімді қадағалау, қорғаныш заттар (арнайы киімдер, көзілдіріктер, респираторлар). Қолданылады. Денеге қышқыл немесе сілті тиген кезде ұзақ уақыт сумен шайу керек.
Шаңдар – ерекше зиянды заттар тобын құрайды. Өндірістік шаң дегеніміз өлшемдері бірнеше микроннан микронның бөліктеріне дейін болатын жұмыс аймағы ауасындағы қалқыма күйдегі қатты бөлшектер. Ауа дисперсті орта болғандықтан, шаңды – аэрозоль, ал қатты бөлшектерді – дисперсті фаза деп атау қабылданған. Өндірістік шаңды түзілу
тәсіліне, шығу тегі және бөлшектерінің өлшемдеріне байланысты жіктейді.
Түзілу тәсіліне байланысты дезинтеграция және конденсация шаңы (аэрозолі) деп жіктейді. Бірінші түзілу тәсілі бойынша шаң қатты материалдарды қирату немесе ұсақтауға және сусымалы заттарды тасымалдауға байланысты өндірістік операциялардың салдарынан пайда болады. Шаңның екінші түзілу тәсілі – жоғары температуралы процестерде металдар немесе бейметалдар буының салқындауы немесе конденсациясы салдарынан ауада қатты бөлшектердің пайда болуы.
Шығу тегіне қарай шаң органикалық, бейорганикалық және аралас болып келеді. Шаңның сипаты мен зиянды әсерінің байқалуы негізінен оның шығу тегімен анықталатын химиялық құрамына тәуелді келеді.
Шаңды жұту тыныс алу органдарының зақымдануына – бронхит, пневмокониоз немесе жалпы реакциялардың өрбуіне (интоксикация, аллергия) әкелуі мүмкін. Кейбір шаңдар канцерогендік қасиеттерге ие. Шаңның әсер етуін жоғарғы тыныс алу жолдары, көздің шырышты қабығы, тері қабаттары ауруынан байқауға болады. Шаңды жұту пневмония, туберкулез, өкпенің қатерлі ісігінің туындауына ықпал етеді. Пневмокониоз кең тараған кәсіби аурулар қатарына жатады.
Булар мен газдар ауамен қоспа түзеді, ал заттардың қатты және сұйық бөлшектері- дисперсті жүйелер- аэрозолдар түзеді. Аэрозолдар шаң (1мкм үлкен), түтін (1мкм кіші) және тұман (сұйық бөлшектер 10 мкм кіші) болып бөлінеді.
Шаң ірідисперсті (50мкм үлкен), орташадисперсті (50...10мкм) және ұсақдисперсті (10мкм кіші) болып бөлінеді.
Шаң тозаң бөлшектердің өлшемдері бойынша жіктеледі:
● көрінетін шаң (өлшемі 10 мкм-ден үлкен) ауадан тез шөгеді, жұту кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарына тұрып қалады, әрі жөтелу, түшкіру, қақыру арқылы кетеді;
● микроскопиялық шаң (0,25...10 мкм) ауада орнықты келеді, әрі жұт-
қанда өкпе альвеолына түсіп, оның ұлпасына әсер етеді;
● ультрамикроскопиялық шаң (өлшемі 0,25 мкм-ден аз), өкпеде оның
60...70 %-ы тұрып қалады, бірақ оның зақымдау қаупі төмен, себебі, оның жалпы массасы шамалы ғана.
Шаңның зиянды әсері оның басқа да қасиеттерімен анықталады: ерігіштік, бөлшектер формасы, олардың қаттылығы, құрылымы, адсорбциялық қасиеттері, электрзарядталғыштығы. Мысалы, шаңның электрзарядталғыш-тығы аэрозольдің орнықтылығына ықпал етеді; электрлік зарядталған бөлшектер тыныс алу жолында 2...3 есе көп тұрып қалады.
Санитарлық нормаға сәйкес жұмыс зонасының ауасында шаңдардың ақырғы шекті концентрациясы (ШРК) белгіленген (мг/м3).
ШРК-ны қатаң түрде сақтау қажеттілігі өндірістік жайдың жұмыс аймағы ауасы шаңының нақты мөлшерін жүйелі түрде бақылауды талап етеді.
Ауаның сапасының негізгі критерийі ретінде зиянды заттардың шекті рұқсат концентрациясы саналады. Концентрацияны өрнектеудің бірнеше бірліктері бар: массалық, көлемдік, үлестік, пайыздық, т.б. Ауа сапасын санитарлық бағалауда ластаушы заттардың мөлшерін (концентрациясын) ауаның 1 куб метріндегі миллиграммен (мг/м³) өрнектеу қабылданған. Бұл бірлік қоспалардың кез келген агрегаттық күйін (газ, бу, аэрозоль, қатты заттар) өрнектеуге болатындығымен ыңғайлы саналады.
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат концентрациясы (ШРК) дегеніміз – күнделікті (демалыс күнінен басқа) 8 сағат немесе басқадай ұзақтықта (бірақ аптасына 41 сағаттан аспайтын) бүкіл еңбек өтілінде жұмыс істеудің зерттеудің заманауи әдістерімен жұмыс процесінде анықталуы немесе осы және келешек ұрпақ өмірінің кейінгі кезеңдерінде болуы мүмкін ауруларды немесе ағза күйінің ауытқуын туғызбайтын концентрациясы (ГОСТ 12.1.005-88).
ШРК шамасы зиянды заттардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты келеді.
Ауа құрамында газ буы немесе аэрозоль түрінде болатын зиянды заттар адам ағзасына әлеуетті қауіпті әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің төрт класына бөлінеді:
Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар адам ағзасына әсер ету дәрежесіне байланысты қауіптіліктің төрт класына жіктеледі:
- төтенше қауіпті заттар, олардың жұмыс аймағы ауасындығы ШРК мәні 0,1 мг/м3 -ден аспайды (1 класс);
- жоғары қауіпті заттар, ШРК мәні 0,1...1,1 мг/м3 аралығында (П класс); қауіптілігі орташа, ШМК мәні 1,0...10,0 мг/м 3 (Ш класс);
- қауіптілігі төмен заттар, ШМК мәні 10,0 мг/м3 -ден жоғары (IV класс).
Адам ағзасына әсер етуші негізгі зиянды заттарға мыналар жатады:
- қоздырғыш заттар, бұл заттар тыныс алу жолы ұлпаларының бетін, сілекейлі қабықша және теріні зақымдайды (қышқылдар, сілтілер, аммиак, хлор, күкіртті қосылыстар, т.б.); тұншықтырғыш заттар – ауадағы оттегі мөлшерін сұйылтатын физикалық зиянды газдар (көмірқышқыл газ, азот, метан, т.б.);
- улар, қан айналымы жүйесінің ішкі органдары (бензол, фенол) мен нерв жүйесінің (спирттер, эфирлер) зақымдануын туғызатын заттар;
- ұшқын есірткі заттар (ацетилен, ұшқын көмірсутегілер);
- өнеркәсіптік шаңдар, бұлар ағзаның аллергиялық реакцияларын туғызады немесе инертті келеді.
Уланудың кез келген формасында өнеркәсіптік улардың әсер ету сипаты оның физикалық белсенділігі – уыттылықпен анықталады. Өнеркәсіптік улар дегеніміз өндірістегі тиісті санитарлық-техникалық шаралардың жүргізілмеуі мен еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде адам ағзасына және оның жұмыс қабілеттілігіне кері әсерін тигізуші улы заттар.
Заттардың адам өміртіршілігіне зиянды әсер ету қасиетін уыттылық деп атайды. Химиялық заттардың ағзаға уытты әсер етуі келесі факторлармен анықталады: заттардың концентрациясы және агрегаттық күйі, құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері, ағзаға ену жолдары және олардың ағза ұлпаларымен өзара әсерлесуі, жинақталу (кумуляция) және ағзадан шығарылу қасиеті, әсер ету ұзақтығы, ауа ортасының жағдайы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет