Мамандандырылған білім беру ұйымдары тілдерді, ғылым негіздерін, мәдениет, өнерді терең меңгерген парасатты тұлға әлеуетін дамытуға бағытталған элитарлық білім беру іс-әрекеті қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР ҚР МЖМБС-2012, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №472 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алады.
Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) (бұдан әрі – мамандандырылған мектептер) іс-әрекет қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Мамандандырылған мектептер элитарлық білімді жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арқылы және оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыруы тиіс.
Үлгілік қағидаларға бойынша мамандандырылған мектептер білім беру процесін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:
1) бірінші деңгей - бастауыш білім беру;
2) екінші деңгей - негізгі орта білім беру;
3) үшінші деңгей - жалпы орта білім беру.
Мамандандырылған мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келіседі.
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Мамандандырылған мектептер оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша
жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.
Дарынды балалармен жұмыс бағдарламалары бойынша негізгі көңіл аударылатын ерекшеліктер:
1. Бағдарламаны бұдан әрі жетілдіруге арналған тұрақты мониторинг жасау және олардың қажеттіліктерін ескере отырып дарынды балалармен кешенді, жеке жұмыс жүйесін әзірлеуді қамтитын жеке тұлғаға бағытталған бағдарламаны құру.
2. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылым, математика, физика саласында дарындылықты дамыту бағдарламаларын енгізу.
3. Бағдарламаның маңызды ерекшелігі эмоциональды интеллект қалыптастыру жүйесі бойынша болу керек.
4. Метакогнитивтік оқыту, сонымен қатар, мәселені шығармашылықпен шешу және стратегияларды таңдауда барынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға шоғырландыру.
5. Оқу бағдарламалары зерттеу дағдыларын дамытуға, тәуелсіз және өзіндік оқытуға бағытталған когнитивтік және метакогнитивтік дағдыларды дамытуға жағдай жасауы керек.
Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.
Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.
Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 жүктеме бөлінеді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 жүктеме мөлшерінде қаражат бөлінеді.