Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.
Мамандандырылған мектептер олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.
Мамандандырылған мектептер ішкі бейіндік пәндер, сондай-ақ, білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.
Мамандандырылған мектептерде сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп бөлу жүйесі, кеңес беру және таңдау пәндері бойынша жұмыс жасауды жүзеге асыру толық күн тәртібінде жұмыс істеуді талап етеді.
Мамандандырылған мектептердегі сынып-комплектісінің саны әрбір деңгейде және сыныптарда білім алушылардың санына қарай тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.
Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ, зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тіліндегі пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.
Оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектісіне 1 жалақы мөлшерінде психологтің психологиялық қызметі құрылады, егер сынып-комплектісі көбейсе психологтің жалақы мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.
Мамандандырылған мектептер өзінің бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Вариативті және кәсіби бағдарланған арнайы курс оқу бағдарламалары жоғары оқу орнының тиісті кафедралармен келісіледі.
Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады.
Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – мектеп-интернаттар) қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Мектеп-интернаттар дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.
Мектеп-интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:
1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру;
2) екінші деңгей – негізгі білім беру;
3) үшінші деңгей – жалпы орта білім беру.
Мектеп-интернатта білім беру үдерісін оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.
Мектеп-интернатының оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Мектеп-интернаты оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.
Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.
Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 жүтеме бөлінеді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 жүктеме мөлшерінде қаражат бөлінеді.
Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.
Мектеп-интернаттар олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін дербес белгілейді.
Мектеп-интернаттар ішкі бейін пәндері, сондай-ақ оқушылардың сұранысы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімін анықтайды.
Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мектеп-интернаттан толық күн жұмыс істеуді талап етеді.
Мектеп-интернаттардағы сынып-комплектілер саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.
Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.
Оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектісіне 1 жалақы мөлшерінде психологтің психологиялық қызметі құрылады, егер сынып-комплектісі көбейсе психологтің жалақы мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.
Мектеп-интернат өзінің бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Мектеп-интернат ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді.