Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген
сағаттар аясында психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, топ бөлігінде және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті). Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.
Арнайы мектептердегі жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде 0-4 сыныптарда, ал 5-9,10 сыныптарда мектеп басшылығы қарауымен ұйымдастырылады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Типтік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.
Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топты жиынтықтау олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Қатар және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. Сабақты өткізу барысында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сынып екі топқа бөлінеді.
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі күрделі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады.
1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;
− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.
Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі. 5 сыныптан бастап қазақ әдебиетін зерделеу
орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және «Геометрия» пәндерін оқыту 8 сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.
Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:
1) «Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4 классы). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру;
2) «Түзету ырғағы» (0-4 сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;
3) «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;
4) «Ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;
5) «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту және (ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.
0 мен 4-сыныпқа дейін ДАҚ және ЕҚД сабақтары бір сыныпқа апталық жүктемемен 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 5-6-сыныптарда жеке сабақтарға бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда сөйлеу дыбыстарын қою және машықтандыру аяқталады деп болжамдалады және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын дамыту және сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру жұмысы жалғасады, сөйлеуде жұппен жұмыс жасау және әдіби мәтіндерді естіп қабылдау жұмысы басталады. 7-9-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады. Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.
Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |