4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;
− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін әрі қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін анықтау мақсатында пропедевтикалық-диагностикалық дайындық сыныбы ұйымдастырылады.
1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары шешіледі (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру). Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.
Бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.
5-10-сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.
11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушылар топ бөлігінде және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:
1) емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-3 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;
2) тіл дамуының кемшіліктерін дамыту бойынша сабақтарды ұқсас тіл бұзылыстары бар оқушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;
3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.
Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігі ойын формасында өткізу мақсатты.
Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.
Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсымаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін. Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.
5. Сөйлеу күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқыудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.
Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:
− ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;
− сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.
Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген 1 жастан 4 жасқа дейінгі кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |