Жалпы ережелер


Бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау



бет65/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204
Бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау

Шет тілі бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:

- шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9-сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде өтеді;

- шет тілінде алған білімдердің, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастыратын емтихан.

Шет тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық-грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест ҰБТ жүйесі бойынша бағаланады, яғни «5» деген баға – 21-25 балл, «4» - 14-20 балл, «3» - 0-13 балға қойылады. Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексикалық-грамматикалық тесті орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңге тақырып оқып жатқан оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «шет тілін» таңдап алған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан артық болса, 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады. «5» деген жоғары балды айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер __________мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында кідіріс бар, тіл құрлымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға «3» деген баға қойылады.

«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген

бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, цифрларға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады. Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.

Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады. Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып есептеледі. Оқушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер қай шет тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері

Кемінде 3 шет тілі мұғалімінен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2016-2017 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік стандартты орындау;

- жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-шы қадамы, Балалар құқықтары туралы конвенция, «Еңбек туралы», «Білім туралы», ҚР Заңдары);

- 2016-2017 оқу жылына әдістемелік-нұсқау хатты зерделеу;

- мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;

- оқытудағы жаңа технологиялар;

- шет тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру және өздігінен білім алуы;

- шет тіліндегі жаңа үрдістер мен өзгерістер;

- -оқушылардың білім сапасын арттыру үшін шет тілі бойынша оқытуда электронды білім беру ресурстарын пайдалану.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көрсетілетін бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді. Жоспар оқу жылының әр айына құрылып, оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланысады. Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен және әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының негізгі кезеңдері

қарастырылады. Оқу жылына әдістемелік бірлестіктің 6 отырысы өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әрбір отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек: баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер түрінде болуы тиіс.

Жоспарға енгізу үшін ұсынылған ісшаралар:

1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.

2. Пән бойынша олимпиаданың мектепішіндегі езеңін ұйымдастыру және өткізу.

3. Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс.

4. Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса.

5. Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен жүргізілетін тәлімгердіңжұмыс жоспарын бекіту.

6. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибиемен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы), «Lessonstudy» өткізу.

7. Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.

8. Кіріс құжаттарымен жұмыс.

9. Мектепшілік бақылау.

10. Әкімшілік бақылау.

11. Біліктілік санатын жоғарылататын, немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс.

12. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі.

13. Бірлестік мұғалімдерінің рейтингісі.

14. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында).

15. Оқушылар білімдерін қорытынды аттестаттау бойынша есеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).

2016-2017 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің (математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Мұндай ісшараларды өткізу көп еңбектенуді талап етеді, бірақ кіріктірілген сабақтар пәнге деген қызығушылықты арттыратынын ұмытпайымыз қажет. Мұндай онкүндіктер үш кезеңде өткізіледі: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып оқушыларымен. Аталған ісшара пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңклықтарға ынтыландырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық ісшараларда тікелей көрініс табуы тиіс.


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет