Жалпы ережелер



бет62/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   204
Шет тілі

Шет тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспекті болып табылады. Осы пәндердің біреуін таңдауды жалпы білім беретін мектептер оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырады.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шет тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:

5-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»);

6-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»);

7-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»);

8-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);

9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).

Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық (А1, А2+, В1) қалыптасу алдындағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Бұл кезеңде алдыңғы кезеңдегідей танымдық процесс шоғырландыра ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу іс-әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктив әрекеттен репродуктив-нәтижелі әрекетке, кейіннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды.

5-7-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монолог сөз) дамыту үшін репродуктивті және репродуктив-нәтижелі жаттығулары қолданылады: диалог түріндегі сөзге үлгі-диалогтарды дыбыстау, фразалар, клишелер, идиомалық сөз тіркестері, сөйлеу құрылымы (грамматика), лексикалық бірліктер (лексика) қолданылуы мүмкін. Жаттығулар шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамыту тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын нәтижелі, репродуктивті және репродуктив-нәтижелі деңгейде жүзеге асырылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.

5-7-сынып оқушылары «Шет тілі» оқу пәнін игеруде белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді:

- шет тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шет тілі» білім беру саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

- шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі көрсету мүмкіндігін сезіну;

- тұтастай өзінің жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

- мәдениеаралық және этникааралық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

8-9-сыныптарда (А2+ В1 оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениетаралық құзыреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибе мен оқушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру қабілетін қалыптастыру қажет.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.

5-7-сыныптарда лексикалық вокобулярды қалыптастыру, тілдік емес пәндер бойынша бастапқы терминологиялық глосарийді әзірлеу ұсынылады.

8-9-сыныптарда лексикалық вокабуляр кеңейтіледі, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық гласарий көлемі ұлғаяды.

Шет тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру болып табылады:

- оқушылар бойында шет тілінің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін

қолдануда мәдениетаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;

- азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;

- коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігіндегі деңгейіне қарай ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді таратушымен қарым-қатынаста қабілеттілігі мен дайындығын, коммуникативтік шешімдер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес барынша кең көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану;

- ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыру;

- ауызша және жазбаша қатынаста шет тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет тілі пәні мұғалімдеріне:

- оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);

- сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шет тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау;

- оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеуге үйрету ұсынылады.

Шет тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:

5, 6, 7, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды.

Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері.

Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін келесі дәптерлер саны болуы керек:

5-7-сыныптарда шет тілі бойынша сыныпта жұмыс істеуге арналған 2 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда 2 жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптерді жүргізу ұсынылады);

шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады).

8-9-сыныптарда сыныптағы жұмысға арналған 1 жұмыс дәптері, шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптері;

бақылау және жазба жұмыстарға арналған 1 дәптер (жыл бойына кабинетте сақталады).

Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:

- дәптердің тысы оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің,

сыныптың, пәннің атауы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;

- дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;

- ай аты мен күн реті жазбаша толық жазылады;

- міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;

- мұғалім оқушының қателері мен түсініктемелерін көрсетіп, бағаны оң жаққа қояды;

- оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді;

- қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда және т.б. қолдана алады;

- оқушыларға дәптерге қызыл сиямен жазуға тыйым салынады;

- сөздіккке сөздер реттік нөмірі бойынша жазылады.

Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:

Мұғалім оқушылардың жұмыс дәптерлерін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:

- 5-9-сыныптар, маңызды деген жұмыстарды аптасына 1 рет;

- сөздіктер: 5-9-сыныптар – 4 аптада 1 рет;

- бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары барлық түрлері барлық оқушыларда тексеріледі.

Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек: барлық сыныптардың білім алушыларының барлық бақылау жазба жұмыстарын келесі сабаққа дейін тексеріледі; мұғалім тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.

Мұғалім 5-9-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген барлық қателерін түзеуде келесі ережелерді басшылыққа алады:

- орфографиялық қатені сызып, үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;

- қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;

- 5-9-сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар, грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді.


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет