- белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;
- оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;
- қашықтықтан оқыту.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқа да ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын анықтау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.
Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 149 ресурстық орталық құрылған, оған 464 магниттік шағын жинақты
мектептер бекітілген.
Ресурстық орталықтар (тірек мектептер) өзінің білім беру әрекетінде келесі қағидаларға бағдарланады:
- тірек мектебінің білім беру ресурстарына (оқу-әдістемелік, ақпараттық және материалды-техникалық) магниттік мектептің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- ресурстық орталықтар (тірек мектептер) мен магниттік мектептердің білім беру процесін біріктіру және синхрондау мақсатында сессияаралық және сессиялық кезеңдердегі нақты, әрі бірізді өзара байланысқан бағдарламаларды әзірлеу;
- кіріспе, аралық және қорытынды тестілеу нәтижесінің негізінде жеке траекторияны әзірлеу арқылы оқытуды жекелендіру;
- сабақтарда, қосымша сабақтарда, шығармашылық зертханалар мен шеберханаларда, сыныптан тыс шараларда оқушыларды әлеуметтендіру және жағымды ынтаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау;
- ресурстық орталықтың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын ұйымдастыру мақсатында әртүрлі жастағы топ оқушыларының қызығушылықтарына, бейімділіктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес бірыңғай ақпараттық-білім беруші кеңістікті құру;
- бейіналды дайындық және бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ерте бейінділігін дамытуға жағдай жасау;
- шеберлік сабақтарын, коучингтер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы мектептің әдістемелік бірлестігінде және пән кафедраларында «бірдейлерді өзара оқыту» (магниттік мектептердің мұғалімдерін оқыту) негізінде ресурстық орталықта (тірек мектебі) қызметті ұйымдастыру.
Магнитті ШЖМ-нің оқу-тәрбие жоспарларын ескере отырып тірек мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарлары, бірыңғай жұмыс оқу жоспарлары, бірыңғай күнтізбелі-тақырыптық жоспарлау, әдістемелік жұмыстың жоспары, сессияаралық кезеңді жүргізу жоспары, тікелей сессияны жүргізу жоспарлары, қашықтықтан сессия өткізу жоспарлары, жобалық, зерттеушілік, бейінді бағыттағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары, оқытудың жеке маршруттарын әзірлейді және жүзеге асырады.
Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.
Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларын кіріспе тестілеп, оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады. Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу процесіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады.
Биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35 зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; «Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс », «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы» тараулары бойынша, «Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).
Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтар аймағын жоюға жеке нұсқаулар беріледі. Магнитті мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу қиындықтар аймағын жою бойынша дербестігін белсендету мақсатында түзету жұмыстары жүргізіледі. Жеке оқыту маршрутын жүзеге асыру бойынша қорытынды сессияда білім алушының негізгі пәндері мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, ырғақ, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлу рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11-сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.
Магнитті мектептердің оқушыларының тірек мектебінде оқыту деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:
Магнитті мектептердің 1-4-сыныптары сырттай оқиды, яғни шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады және т.с.с. Жылына бір рет тірек мектебіндегі конкурстар мен конференцияларға қатысу үшін бара алады.
5-7-сыныптар магнитті және тірек мектептеріндегі пән мұғалімдерінің жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде МТБ жеткілікті, интернет болған жағдайда). Бұл үшін кафедралар немесе МӘБ отырысында жұмыс жоспарлары, тесттік тапсырмалар әзірленеді. Сонымен қатар, магниттік мектептің мұғалімдеріне, оқушыларына арналған онлайн семинарлар ұйымдастырылады.
8-11-сыныптар тікелей оқытылады және сессияларға шығады (бейіналды және бейінді дайындықтың ұйымдастырылуымен). Сессияаралық кезеңді сессиялық кезеңмен сабақтастықты сақтай отырып жүргізу қажет. Берілген жұмыс тірек және магнитті мектептердің даму бағдарламасы мен шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек.