Жалпы ережелер


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ



бет67/204
Дата22.12.2021
өлшемі4,62 Mb.
#9690
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:

жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;

оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.



«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану, география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.

Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.

1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:

ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін;

дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.



География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту үшін:

«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты кіріктіруге;

«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;

«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты таныстырудың жолын әзірлеуге;

«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін ұсынуға;

«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және түсіндіруге;

«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше көңіл аударылады.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті

өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс,

Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуының нәтижелері ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет