Жалпы хирургия кафедрасы



Дата29.01.2018
өлшемі365,35 Kb.
#36101
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ

Силлабус
«Жалпы хирургия»

Пән коды: OH 3218


Мамандық – 051301 «Жалпы медицина»
Дәріс – 18 сағат
Практикалық сабақ – 54 сағат

Өз бетімен орындайтын жұмыс – 36 сағат

Барлығы – 108 сағат

III курс (V – VI семестр)


Емтихан – VI семестр

Астана, 2009 ж.


Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндеттілік білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Жалпы хирургия пәні 051301 - жалпы медицина (Астана, 2006) мамандығы бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде жасалынған


Силлабус «Астана медицина университеті» АҚ жалпы медицина мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.




1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Аты-жөні

Қызметі

Дәрежесі

Мамандығы

Ем жұмысының өтілі

Оқу жұмысынң өтілі

Дәріс оқиды, сабақ береді

Ғылыми жұмыстары

Еңбектері

Байланыс телефон

Миронюк Н.В.

Каф. меңгер

м.ғ.д.

профессор



14.00.27

Хирургия жоғары

категория


38

30

Орыс тілінде

Асқазан-ішек жолдарының хирургиясы

230 ғылыми жұмыстардың авторы

48-29-48

Исмагамбетова Б.А.

Профессор

м.ғ.к.

Хирург - жоғары категория

32

22

Орыс тілінде

Іріңді хирургия

31 ғылыми жұмыстардың авторы

48-29-48

Фурсов А.Б.

доцент

доцент, м.ғ.к.

Хирург- жоғары категория

27

22

Орыс тілінде

Асқазан-ішек жолдарының хирургиясы, эндоскопия

87 ғылыми жұмыстардың авторы

39-60-37

Даленов Н.Е.

доцент

м.ғ.к.

доцент


Хирург-бірінші категория

14

10

Қазақ және орыс тілінде

Асқазан-ішек жолдарының хирургиясы

40 ғылыми жұмыстардың авторы

48-29-48

Куспаев Е.Н.

ассистент

м.ғ.к.

Онколог-хирург

7

5

Қазақ және орыс тілінде

онкология

35 ғылыми жұмыстардың авторы

39-60-37

Алатаев Б.Б.

ассистент

-

Хирург- жоғары категория

13

4

Қазақ тілінде

Жіті іш қуысының патологиясы

7 ғылыми жұмыстардың авторы

48-29-48

Коваленко Т.Ф.

ассистент

м.ғ.к.

Хирург- жоғары категория

23

17

Орыс тілінде

Іріңді хирургия, герниология

37 ғылыми жұмыстардың авторы

48-29-48

Исмаилов А.С.

ассистент

м.ғ.к.

Хирург- жоғары категория

19

7

Орыс тілінде

Іріңді хирургия, жарақаттар

61 ғылыми жұмыстардың авторы

39-60-37

Волчкова И.С.

ассистент

Ассистент, м.ғ.к.

Хирург бірінші категория

8

6

Орыс тілінде

Іріңді хирургия, жарақаттар

18 ғылыми жұмыстардың авторы

48-29-48


1.8 Байланыс ақпарат:

Жалпы хирургия кафедрасы, Астана қ., Богембай көш. 15 ҚР ҚМ Бас қоғамдық госпитальде орналасады

№ 20, 13, 16, 36, 4, 19, 17, 22, 14 автобустар жүреді.

Телефон: 39-60-37.

Клиникалық базының филиалы: Орталық аймақтық клиникалық аурухана. Махтумкули 1, тел 48-29-48
1.9 Пәннің саясаты:

Студенттерді хирургиялық тәжірибелік дағдыларды үйренуге, науқастармен және медициналық қызметкерлерімен өзара тығыз байланыста болып маңызды хирургиялық манипуляция техникасын үйрене отырып ординатордың ісін жүзеге асыру.

Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары жоғары мектеп оқуының жалпы міндеттеріне негізделген. Сабаққа 15 минутқа кешігіп келген студент сабаққа жіберілмейді. Жіберілген сабақтын көлеміне сәйкес сабақты қайтадан өтеді. Жіберілген сабақтың көлемі 2 сағат болса студент толық 2 сағат қайта өтеу керек, өткізген сабақтын көлемі 1 сағат болса сабақты қайтадан 1 сағат өтеу керек.

Жіберген сабақтардың қайтадан өтеу түрлері:

- практикалық сабақтын 2/3 көлемін бөлімшеде жұмыс істеу керек;

- кезекші жауапты оқытушыға өткізген сабақтын тақырыбын жауап беруі қажет.

Студенттердің практикалық сабақтардың, СӨЖ жіберіп тапсырылмаған тақырыптары болса, сол студенттер емтиханға жіберілмейді. Жіберген сабақтарды студенттер семестрдің аяғына дейін қайта өтеу керек.
2.0 БАҒДАРЛАМА

2.1 Кіріспе

Хирургия – адам денесінің барлық ағзалары мен бөліктерінің сырқаттары мен жарақаттануын зерттейтін және операциялық жолмен емдеу әдістерін ұсынып қолданатын медицинаның саласы. Хирургия базалық пәндердің бірі ретінде қандай да мамандығы болмасын барлық клиницист дәрігерге қажетті хирургиялық қызметтің зерттеу негіздерін қалайды.

Хирургия ілімі үнемі дамып отыру үстінде, жаңалықтар үсті-үстіне жинақталуда және хирургияның асептика мен антисептика, қан мен қан алмастырғыштарды құю, хирургиялық инфекция, жарақаттарды емдеу, анестезия мен реанимацияның негіздері, пластикалық хирургия және тағы басқа да сияқты негізгі ұғымдар туралы түсініктерге басқаша көзқарас қалыптастырады.

Мамандырылған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жалпы хирургияның негізгі тарауларын кезкелген дәрігер маман білуі қажет. Жалпы хирургия пропедевтикалық хирургиялық пән ретінде хирургиялық науқастарды клиникалық тексеру және емдеу жолдарын оқытуды көздейді. ЖОО студенттері жалпы хирургияны оқып үйрену процесінде өздерінің кәсіптік қызметіне керекті және қажетті практикалық машықтарды меңгереді.



2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерге хирургиялық патология негіздері, хирургиялық аурулардың диагностикасы және емдеудің жалпы принциптері жөнінде білімін және машықтарын қалыптастыру.


2.3 Пәннің міндеттері:

  • медициналық, клиникалық және хирургиялық базалық ұғымдарды түсіндіру: асептика, антисептика, жалпы және жергілікті анестезия, қан кету мен қан құю, шок, жарақаттар, жарақат пен жарақат инфекциясы, күйктер, электрожарақат пен үсіктер, тамыр патологиясы және жедел қанайналымның бұзылуы, онкология, даму барысындағы ақаулар, пластикалық хирургия, туберкулез, хирургиялық паразитарлық аурулар, хирургиялық операцияның негізгі әдістері, трансплантология және пластикалық хирургияда қолданатын жаңа технологиялар, ағзаларды және тіндерді қалпына келтіру операциялары;

  • десмургия туралы білім негіздерін және машықтарын үйрету;

  • хирургиялық практикада қолданатын ауырсынуды басатын дәрілер мен әдістер туралы білім беру;

  • хирургиялық аурулардың симптомдарын ажырату және диагноз қоюды үйрету;

  • науқастардың өміріне қауіпті жағдай туындағанда алғашқы медициналық жәрдем көрсету және хирургиялық емдеуге көрсетімдерді анықтап тасымалдау түрін таңдауды үйрету.


2.4 Білім берудің қорытынды нәтижелері.

студент білуі керек:

  • қазіргі асептика мен антисептиканың негізгі принциптерін;

  • хирургиялық науқастардың клиникалық әдіспен және аспаптар көмегімен тексерудің жалпы принциптерін;

  • негізгі хирургиялық симптомдар мен синдромдарды;

  • хирургиядағы анестезиология және трансфузиология негіздерін;

  • жиі кездесетін хирургиялық ауруларды емдеуінің негізгі кезеңдерін;

  • ургентті жағдайларда (қан кету, жарақаттар, ішкі ағзалардың және бастың жабық зақымдары, шок, коллапс, күйіктер, үсіктер, электрожарақаттар) диагноз қоюды, алғашқы медициналық және хирургиялық жәрдем көрсету принциптерін және әдістерін;

  • емханалық хирургиялық қызметті ұйымдастыруды.



үйреніп алуы қажет:

  • хирургиялық науқасты тексеріп оның хал-жағдайың ауырлығын бағалауды және жергілікті патологиялық статусын талдауды;

  • көрсетімдері мен қарсы көрсетімдерін анықтауды, жараға алғашқы хирургиялық өндеу жасауды;

  • жергілікті анестезияды жасауды;

  • әртүрлі таңу түрлерін жасауды, аяққа эластик бинт салуды;

  • қыздыратын компресс қоюды;

  • таза және іріңді жараға таңғыш салуды;

  • жұмсақ тіндердің, жасушалық кеңістіктер мен қуыстардың жіті іріңді ауруларын (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, гидроаденит, тілме, мастит, парапроктит, паранефрит, медиастинит, артрит, бурсит, перитонит) диагностикалауды;

  • іріңді ошақты (абсцесс) жару, тексеру және дренаж қоюды;

  • аяқ-қол сынғанда және шығып кеткенде қолда бар заттармен Крамер, Дитерихс т.б. шендейіштер (шиналар) секілді импровизацияланған, стандарт типті тасымалдау аспаптармен иммобилизация жасауды;

  • омыртқа және жамбас сүйіктері сынғанда иммобилизация жасауды;

  • ургентті жағдайда (қан кету, шок, коллапс, естен тану, күйіктер, үсіктер, электр тоғынан жарақаттану және т.б.) алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсетуді;

  • тамырды саусақпен басу арқылы, жгут салу және таңу арқылы сыртқы қан кетуді тоқтату;

  • шеткері қантамырларға венепункция және катетеризация жасауды;

  • АВ0 жүйесі бойынша қан тобын, резусін анықтауды, топтық және жеке үйлесімділік сынамасын жасауды, қан құю хаттамасын толтыра отырып қан және қаналмастырғыларды науқасқа құюды;

  • сіреспе және газды гангренаның алдын алуға бағытталған көрсетімдерді анықтауды;


машықтануы қажет:

  • операция жасау және жарақаттанған жерді таңу алдында зарарсыздандыратын ерітінділермен қолды тазартуға;

  • операциялық аймақты операцияға дайындауға;

  • стерильді халатты, стерильді қолғапты өздігімен және мейірбике көмегімен киюді және шешуге;

  • жұмсақ тіндердің бетіне жергілікті инфильтрациялық анестезия жасауға;

  • ішті, емшектері қарап тексеруді және пальпация жасауды, саусақпен ректалдық зерттеулер жүргізуге;

  • операция алдында газ шығаратын түтік салуды, уретраға катетер қоюды, назогастральдық зонд жіберіп асқазанды шаюға;

  • абсцесті жару, жарақатқа алғашқы хирургиялық өңдеу жасауға;

  • жарақатты тігу және тігісті алып тастауға;

  • жүрек-өкпелік реанимация жасауға;

  • гипс, таңғыш, жаулық таңғыш, тасымалдау шендеуіштерін салу және алып тастауға.

2.5 Пререквизттер:

Анатомия-1, анатомия-2, микробиология, коммуникативті машықтар-1, коммуникативті машықтар-2, клиникаға кіріспе-2


2.6 Постреквизиттер:

Хирургиялық аурулар, акушерия және гинекология, жедел шұғыл медициналық көмек, жалпыдәрігерлік практика.


2.7 Пән бойынша дәрістердің, практикалық сабақтардың және студенттердің өз бетімен үйренетін тақырыптық жоспары және олардың сағат көлемі
Пән бойынша дәрістердің жоспары және олардың сағат көлемі

(бір дәрістің ұзақтығы – 50 минут)




№ р/п

Дәріс тақырыптары

Сабақ өткізу түрі

Сағат саны

1

Хирургия тарихы. Антисептика. Анықтамасы. Пастердің, Листердің және Пироговтың еңбектері. Негізгі антисептикалық заттектер сипаттамасы. Антисептикалық заттектерді қолдану әдістері.

Шолу дәріс

1

2

Асептика. Асептика анықтамасы, міндеттері. Қысқаша тарихи мағлұматтар. Бергманның және Шиммельбуштің сіңірген еңбектері. Эндогенді және экзогенді (ауалық, тамшылық, жанаспалы, имплантациялық) инфекциялармен күресу. Хирург қолын, жібек жіпті, кетгутты және аспаптарды зарарсыздандырудың тездетілген қазіргі әдістері.

Проблемалық дәріс

1

3

Анестезия. Анықтамасы. Анестезияның түрлері. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Наркоздық заттектердің әсер ету механизмі (наркоз теориялары). Ингаляциялық наркоз. Эфирлі-оттекті, хлорэтилді, газды наркоздар. Наркоздың клиникалық кезеңдері, науқастың күйін бақылауы.

Проблемалық дәріс

1

4

Ингаляциялық емес наркоз түрлері: наркотанды наркоз, алкоголді, барбитурлы. Жасанды гибернация. Жасанды гипотермия. Стероидты наркоз. Кәрі адамдар мен балаларға наркоз жасау. Нейролептанальгезия.

Проблемалық дәріс

1

5

Қан кету, анықтамасы, зерттеу, тарихы. Құйылған қан орналасуына байланысты, тамырлардың зақымдалу түрлеріне және қан кету жылдамдылығымен байланысты жіктелуі. Қан кетуді себептері, патанатомиясы, патогенезі, клиникасы. Қан кетудің уақытша және түбегейлі тоқтату әдістері.

Проблемалық дәріс

1

6

Қан топтары және резус-факторы, анықтау әдістері. Қан құю тарихы. Терминологиясы. Қан құюдың негізгі заңдары мен ережелері. Құйылған қанның әсер ету механизмі.

Шолу дәріс

1

7

Қан құюға көрсетімдер және қарсыкөрсеткіштер. Қан құю түрлері, тәсілдері, әдістері, асқынулардың себептері, клиникасы, емі, алдын алуы. Қан препараттарын және оның құрамбөліктерін құю. Қаналмастырғыштарды құюдың артықшылығы мен кемшіліктері, жіктелуі.

Проблемалық дәріс

1

8

Жарақаттар. Жарақат пен жарақаттанудың анықтамасы және жіктелуі. Жарақат патогенезі. Жарақаттардың жалпы және жергілікті белгілері. Алғашқы көмек, емі. Жарақаттарды алғашқы хирургиялық өндеу. Инфекцияланған жарақаттарды емдеу принциптері.

Проблемалық дәріс

1

9

Жабық зақымданулар. Жұмсақ тіндердің зақымдануы. Ұзақ жаншылу синдромы. Іш пен кеуде қуыстардың және мидың жабық зақымданулар. Патогенезі. Клиникасы. Алғашқы жәрдем көмек көрсету және емдеу.

Проблемалық дәріс

1

10

Буын шығу. Себебі бойынша, шығу мерзімі мен орналасуы бойынша жіктелуі. Буын шығу механизмі. Буын шығудын клиникасы мен емі. Сүйектердің сынуы. Жіктелуі. Сүйек сынуы клиникасы және диагностикасы. Жабық сынық кезіндегі алғашқы жәрдем. Сынықты емдеудің жалпы принциптері.

Проблемалық дәріс

1

11

Травманың организмге жалпы әсері: естен тану, шок, коллапс. Терминалдық жағдайлар, клиникасы және емі.

Проблемалық дәріс

1

12

Күйіктер, оның жіктелуі, клиникасы, емі. Үсік. Электротравма. Электрожарақаттардың және термиялық зақымдардың жалпы мен жергілікті көріністері.

Проблемалық дәріс

1

13

Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Хирургиялық инфекция: жіктелуі, орын алу, себептері мен патогенезі. Жергілікті және жалпы хирургиялық инфекцияның емі. Сепсис, даму себептері, жіктелуі, патогенезі, клиникасы, емі.

Шолу дәріс

1

14

Остеомиелит, даму себептері, патогенезі, клиникасы мен емі. Остеомиелиттің біріншілік – созылмалы түрлері, ағымы және емдеу ерекшеліктері.

Проблемалық дәріс

1

15

Газды гангренаның себептері, патогенезі, клиникасы, алғашкы белгілері. Емдеу топтары. профилактикасы.

Проблемалық дәріс

1

16

Сіреспенің себебі, патогенезі, клиникасы, алғашкы белгілірі, диагностикасы, клиникасы, емі. Профилактикасы.

Проблемалық дәріс

1

17

Ісіктер. Ісіктердің даму теориялар. Жіктелуі. Қатерлі мен қатерсіз ісіктердің айырмашылығы. Рак алды аурулары.

Проблемалық дәріс

1

18

Хирургиялық операция, операция дейінгі және операция кейінгі кезеңдері, жіктелуі.

Проблемалық дәріс

1

Барлығы

18


Пән бойынша практикалық сабақтардың жоспары және олардың сағат көлемі (бір практикалық сабақтын ұзақтығы – 50 минут)


№ п/п

Практикалық сабақтардың тақырыптары

Сабақ өткізу түрі

Сағат саны













1

Клиникамен танысу. Хирургияның даму тарихы. Н.И. Пироговтың енбектері. Хирургиялық деонтологияның негізгі принциптері. Десмургия.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерінде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

1

2

Антисептика. Антисептиканың анықтамасы, түрлері. Операциялық бөлімінде және таңу бөлмеде қолданатын антисептиктармен танысу. Оларды қолдану тәсілдері.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


1

3

Асептика. Хирургиялық бөлімі, оның құрылымы. Операциялық таңғыш бөлімі. Таңғыш матаны стерильдеу. Стерильдеуді бақылау. Автоклавтың құрамы, жұмысы. Хирургиялық құрал-саймандарды, шприцтерді, тігетін матаны, қолғаптарды, түтіктерді, катетерлерді стерильдеу. Операциялық алаңды және қолды операцияға дайындау.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


1

4

Жалпы анестезия. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Ингаляциялық наркоз: эфирлі, газды. Наркотикалық заттар және бұлшықет релаксанттар. Наркоз аппараттар. Эфирлік наркоздың клиникалық барысы. Наркозға көрсетілген және қері жағдайлар. Ингаляциялық наркоздың асқынулары және олардың алдын алуы. Жасанды демалудың әдістері және басқа реанимациялық әдістері. Ингаляциялық емес наркоз, қолданатын заттар. Жасанды гипотермия

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

5

Жергілікті анестезия. Жергілікті анестезиядың тәсілдері. Қолдануға көрсетілген жағдайлары. Орындау әдістемесі (жасау техникасы). Анестезияға қолданатын заттар.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


1

6

Қан кету. Жіктелуі, патогенезі. Жалпы мен жергілікті белгілері. Уақытша және біржола қан тоқтату әдістері.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


1

7

Қан құю. Қан топтарын, резус-факторды анықтау. Қан құю станциялардың жұмысы. Қанның консервіленуі мен сақталуы. Донорлығы.

Қан құю. Құйылған қанның әсер ету механизмі. Қан құюға көрсетілген және қері жағдайлары. Қан құю техникасы. Сәйкестіктің сынаулары. Асқынулары, олардың алдын алуы және емі. Қан бөлшектерін құю. Үстем жақтары мен кемшілігі. Қан бөлшектерін құюға көрсетілген және кері жағдайлары.



Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


3

8

Қаналмастырғыштар, анықтамасы мен жіктелуі. Әсер ету механизмі. Оларды құюға көрсетілген және кері жағдайлары.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


1

9

Жаралар. Жіктелуі, жара процессін барысы, жаралардың жазылуы, түрлері. Жарадағы морфологиялық және биохимиялық өзгерістер. Жаралардың жалпы емдеу ережелері. Жаралардың алғашқы хирургиялық өндеуі. Тігістердің түрлері (біріншілікті, біріншілікті кейінгіне қалдырылған тігіс, екіншілікті). Іріңді жаралардың емдеу ережелері. Жаралардың жергілікті және жалпы емдеудің әдістері.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

10

Жарақаттың организмге жалпы әсері: естен тану, шок, коллапс. Жарақаттану талықсуы (шогы), патогенезі, клиникасы, алдын алуы, емі. Жарақаттық улану (ҰКС-СДР), патогенезі, клиникасы, емі. Терминалдық жағдайлары.

Жабық зақымдану. Жұмсақ ұлпаның закымдануы. Бассүйек, кеуде клетканың, құрсақ қуысының және оларда орналасқан ағзалардың зақымдануы. Патогенезі, клиникасы, диагностикасы. Бірінші көмек көрсету, емі.



Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

11

Буын шығуы. Жіктелуі. Буын шығу механизмі. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Сүйек сынуы. Жіктелуі. Клиникасы. Жабық сынық кезіндегі алғашқы көмек. Тасымалдау иммобилизациясы. Сынықтарды операция жолымен емдеуге көрсетілген және кері жағдайлары. Сүйек сүйелдің түзілуі, кезеңдері мен көздері. Сынықтарды емдеу принциптері.



Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

12

Күйіктер. Жіктелуі. Клиникасы мен емі.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

1

13

Үсіп қалу. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы және емі. Бірінші көмек. Электрожарақаттар. Жалпы және жергілікті белгілері. Бірінші көмек. Емі.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

14

Хирургиялық инфекция белгілерің жалпы сұрақтары. Даму себептері. Организмнің инфекцияға жалпы реакциясы. Іріңді хирургиялық инфекция барысының қазіргі кездегі ерекшеліктері. Жіктелуі.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

15

Жедел ірінді аурулардың кейбір түрлері (фурункул, фурункулез, карбункул, гидроаденит, панариций, флегмона, абсцесс, тілме, эризипелоид).

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

16

Парапроктит, медиастенит. Мастит. Лимфангоит, лимфаденит, тромбофлебит.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

17

Жалпы ірінді инфекция (сепсис). Сепсистың дамуына себепті жағдайлары. Жіктелуі. Патогенезі. Белгілері. Диагностикасы. Емі. Алдын алуы.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

18

Анаэробты инфекция, жіктелуі. Газды гангренаның қоздырғыштары. Патанатомиялық өзгерістері. Клиникасы, емі, алдын алуы. Шірітуші инфекция, себептері, клиникасы, емі-хирургиялық пен консервативті. Алдын алуы-шұғыл, жоспарлы, ерекше мен ерекше емес.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

19

Сіреспенің себебі, патогенезі, клиникасы, емі. Алдын алуы-шұғыл, жоспарлы, ерекше мен ерекше емес.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

20

Остеомиелит. Жіктелуі (гематогенді және травматикалық, остеомиелиттің біріншілікті – созылмалы түрі, остеоартриттер). Клиникасы мен емі.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

21

Созылмалы хирургиялық (ерекше) инфекция. Сүйек-буын туберкулезі. Жіктелуі. Патогенезі. Клиникасы. Емдеудің ерекшеліктері. Асқынулары. Кейбір түрлері (спондилит, коксит, гонит). Хирургиялық емі. Санитарлы ортопедиялық көмекті ұйымдастыру. Актиномикоз. Патогенезі. Белгілері. Диагностикасы. Емі.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

22

Хирургиялық паразитарлық аурлар. Эхинококкоз. Альвеококкоз. Түсініктеме. Пат анатомиясы және клиникасы. Эхинококкозды және оның асқынуларын хирургиялық емдеудің принциптері. Лямблиоз. Описторхоз. Аскаридоз және онымен шақырылатын хирургиялық аурулар (ішек тійлуі, механикалық сарғаю және т.б.).

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

23

Қан айналудың бұзылуы. Облитерациялық эндоартериит. Атеросклероз. Коллатералды қан айналуының маңызы. Емдеудін жалпы принциптері. Алдын алуы.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

24

Некроздар, гангреналар (құрғак, ылғалды), ойық жаралар, жыланкөздері. Даму жағдайлары мен себептері. Клиникасы, емі. Трофикалық ойық жаралар. Жауырлар. Жыланкөздер. Жіктелуі, диагностикасы, емі.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

25

Ісіктер. Жалпы мәселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностикасы (клиникалық, сәулелік, эндоскопиялық, гистологиялық белгілері). Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы. Рак алды аурулар. Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы. Емдеу тактикасы: хирургиялық, сәулелелік, химиотерапиялық, кұрама емі. Онкологиялық көмекті Қазақстанда ұйымдастыруы.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

26

Даму ақаулары. Түсініктеме. Бас, мойын, кеуде куысының, іш, аяқ-колдарының даму ақаулары. Даму ақаулардың хирургиялық емдеудін, принциптері.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

27

Пластикалық хирургия. Трансплантология. Ұлпаларды қондырудың биологиялық жағдайлары. Донорды таңдау. Иммунодепрессивті әсері бар дәрімен қолдану.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

28

Операция алды кезеңі. Хирургиялық науқасты операция алдында зерттеу. Жедел мен шұғыл операцияға дайындықтын ерекшеліктері. Науқасты операция кезінде бақылау және оның күйін тексеру әдістері.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2

29

Хирургиялық операция. Түсініктеме. Түрлері (лапароскопиялық, лазерлі хирургия). Операцияның анатомиялық және физиологиялық негізделеу. Операциядан кейінгі кезең. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды күтудің ерекшеліктері. Таңғышты, температураны, жүрек, өкпе, ас қорыту мен зәр шығару мүшелердің қызметтерін бақылау. Алғашқы операция кейнгі кезеңіңдегі асқынулары. Мүшелер мен жүйелердің операциядан кейін болатын қатерлі асқынулары және оның алдын алуы.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.


2

30

Науқастарды зерттеу әдістемесі. Науқастарды зерттеудің негізгі принциптері. Ауру тарихы.

Тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, пікірсайыс өткізу, науқастар жататын палатыларда, емшара бөлмелерінде, таңу кабинеттерде, қабылдау бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде жұмыс істеу.

2




Барлығы:

54


2.8 Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары және олардың сағат көлемі


п/п

Тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

1

Хирургиялық деонтология.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

2

Хирургиядағы АИВ- инфекцияның алдын алуы.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

3

Хирургиядағы ақпаратты-компьютерлік технологиялар. Лапароскопиялық операциялар. Эндо-видеохирургиялық операция. Қазақстан Республикасында лапароскопиялық операциялардын дамуы. Телемедицина.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

4

Хирургия мен травматология қолданатын заманауи синтетикалық материалдар.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

5

Хирургиялық науқастардағы су-электролиттік бұзылыстар және инфузиялық терапияның принциптері.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

6

Амбулаторлы хирургиялық қызметті ұйымдастыру.

Науқастарды курациялау. Ауру тарихын жазу.

3

7

Хирургиялық паразитарлық аурулар. Хирургиялық негіздері.

Науқастарды курациялау. Ауру тарихын жазу.

3

8

Хирургиялық науқастардың тамақтануы.


Науқастарды курациялау. Ауру тарихын жазу.

3

9

Пластикалық хирургия мен трансплантология негіздері.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

10.

Оперативті хирургиялық техниканың, заманауи инструментарийдің негіздері. Хирургияда қолданатын нанотехнологиялар.

Студенттердің оқу-лық және қосымша әдебиеттерден алын-ған ақпараттармен жумысы

3

11.

Іріңді паротит.

Науқастарды курациялау. Ауру тарихын жазу.

3

12.

Іріңді тендовагинит

Науқастарды курациялау. Ауру тарихын жазу.

3




Барлығы:

36


2.9 Ұсынылатын әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі

1. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия. Алматы 2006.

2. Касенов Т.С. Жалпы хирургия және анестезиология. Алматы. 1992.

2. Касенов Т.С., Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия. Алматы, 1992.




Орыс тілінде

негізгі

  1. Петров С.В. Общая хирургия: учебник и CD. – 3-е изд.– М., 2007.

  2. Гостищев В.К. Общая хирургия: учебник и CD. – 4-е изд.– М.,2006.

  3. Основные вопросы общей и неотложной хирургии: руководство/ пер.с англ. Под ред. В.С. Савельева, А.И.Кириенко. – М., 2008.


қосымша

  1. Клиническая хирургия. Национальное руководство + CD 3 томах/ под ред. В.С.Савельева, А.И.Кириенко. – М., 2008;


Примечание: * - Список литературы может обновляться ежегодно.
2.10 Оқу және оқыту әдістері.

  • Дәрістер: шолу және проблемалық.

  • Практьикалық сабақтар: ауызша сұрау, тестілеі, науқастарды аралап қарау, тақырыпқа байланысты науқасты талқылау, шағын топтарда жұмыс жүргізу, пікірсайыс өткізу, тақырыпқа қатысты науқастарды презентациялау, қайтымды байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс жасау, интернеттен ақпараттар іздестіру, жеке бастық және топтық тапсырмаларын орындалған нәтижесін талқылау.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы: студенттердің оқулық және қосымша әдебиеттерден, электронды тасымалдаушылар және интернеттен алынған ақпараттармен жұмысы, тестік тапсырмаларды дайындау және шешу, ауру тарихын жазу, науқастарды курациялау.


2.11 Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

Білім алушылардың ілімі, білігі, дағдысы мен шеберлігі
бакылаудьң барлық турлері бойынша тікелей пропорционалдық
қатынасы бар багалаудьң балдык-рейтингілік таңбалық жуйесі

бойынша анықгалады.



Пайыздык мөлшері 95-100% және 4,0 сандык баламасы бар
«Өте жақсы» деген бағалауга А, пайыздык; мөлшері 90-94% және 3,67
сандык баламасы болса А- бағалауына сэйкес келеді.

Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толык игеруін көрсеткен және кандай да 6ip кателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарьн уактылы әpi дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау кабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да 6ip кател1ктер ж^бермегек жэне уй тапсырмаларын орыпдаган, гыльши-зерттеу жұмыстарымен айналысьп, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша гылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда койылады.

Пайыздык мөлшері 85-89% жэне 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауга В+ сэйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В, пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В— ға сэйкес келеді.

Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұган қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап непзсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұскауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды окытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда койылады.



Пайыздык мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «канағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандьқ баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық багалауы С—, пайыздык молшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+,
пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сәйкес келеді.

Бұл баға студентке, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық жэне бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушыньң кемегімен қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде тольмсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарга бой алдырған жағдайда қойылады.

Пайыздык мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар
«канағаттанарлық» деген бағаға F бағалауы сәйкес келеді.

Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарьнда елеулі кателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бакылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлык нeгізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.



Студенттердің білімін бағалау қағидалары

М п/п

Әріп

Сандык; керсеткіш


Рейтинг

(пайыздық көрсеткіш)

Баға


1

А

4,0

95-100

«өте жаксы»


2

А-

3,67

90-94

3

В+

3,33

85-89

«жақсы»

4

В

3,0

80-84

5

В -

2,67

75-79

6

С+

2,33

70-74

«канағаттанарлық»

7

С

2,0

65-69

8

С -

1,67

60-64

9

D+

1,33

55-59

10

D

1,0

50-54

11

F

0

0-49

«канағатсыз»






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет