«Жалпы және жас ерекшеліктер психологиясы»


ә) Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру



бет5/26
Дата21.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#104623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
УМКД жалпы ж жас ереш псих

ә) Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Себебі білім мен психикалық даму бір емес екенін ілгеріде ескерттік. Егер ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту әсер етпейді дейтін Ж.Пиажэнің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине, бала психикасының қандай болып келуіне әлеумет ортасының недәуір ықпалы бар.

Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық “дағдарыс” тез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас өспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:

Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.

1-ден 3-ке дейінгі алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.

7-ден 11-ге дейін - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.

11-16 орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық (жыныс т.б.) жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайтындықтын, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.

16-18 аға сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста “балалық” қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттамасы ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге бөлуіне қарағанда баланың есеюі көпке дейін созылып отыр. Бұл екі арадағы есеюдің алшақтығы әр дәуірдегі әлеумет ортасының түрліше келуінен.

Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгерілмейтін нәрсе емес. Заманның өзгерілуіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастыруда азды-көпті өзгерістер болып отырады.


5– дәріс. Әртүрлі жас сатыларындағы психикалық және физикалық даму ерекшеліктері.
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.

2. Іс-әрекеттің әртүрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас формаларының даму ерекшеліктері.

3. Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты.

4. Мектепке дейінгілердегі психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары. Баланың психикалық дамуы үшін сенсорлық процестерді мақсатты сәйкесті қалыптастырудың


Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жететілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабағы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуацичсының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысы өзіндік ішкі позициясы өз “менін” және өз қылықтарының маңызын аңғырудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көшіріп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалаптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепке оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.

Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқкиім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту - мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны.

Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: “Сен кімсің?”- деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін “мамамын” деп таныстырады.

Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже (сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларында орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орындау үстінде еңбектің дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады. Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық мотивтерге бағындыра білу, бұл іс әрекеттің бас қа адамдарға келтіретін пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің әлементтерін игереді. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы істің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.

Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-қимыл сезгіштігінің табылдарықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстығы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар - спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген өзара байланысқан үлгілері). Сесорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.

Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға үйреткенде музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелерімен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.

Қабылдауды дамытудың айрықша бір саласы - көркем туындыларды (картиналарды, музыкалық пьесаларды) эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Салынған суретті дыбыс қабылдау үшін бала бейнелеу ерекшеліктерін ескере білуі тиіс. Ол қоғамда қалыптасқан графикалық және живопистік бейнелеу нормаларын игеруі тиіс. Бұлай болмаса бала, көшеде жүрген балалардың перспективалы бейнелерін көре салып: “Мынау үлкен, мынау кішкентай бала, ал мынау қуыршақ”,- деп дәлелдейді.

Балалардың музыка қабылдау қабілеті және соған байланыстыэтетикалық тебіренуі, картиналарды қабылдауға қарағанда азырақ зерттелген. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық шығармаларды эстетикалық қабылдауға қабілеттілігі және мұның өзінде музыкалық тебіреністер, негізінен, шығармалардың тербрі және ырғағымен анықталатыны дәлелденген. Алты-жеті жасқа қарай балалар әуенді тәп-тәуір қайта жаңғыртып және ең бастысы, оған эстетикалық баға (“ұнайды”, “ұнамайды”) бере алады. Музыканы үнемі тыңдауға, айналасындағылардан оған терең эмоциялық жауап қайыруды үйренуге мүмкіндік бар жерлерде балалардың музыкалық қабілеттері ерте оянады.

Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық (атап айтқанда, құралдық) іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстыруды үйренеді.

Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдермен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі-бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.

Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту негізіне ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру жатады. Бұл қалыптасудың басталар жері - материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер.

Баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс болмай, қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені таным білудің күшті құралы болып,балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде байқалады.

Мектепке дейінгі балалық шақта ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөйлеу мен практикалық іс-әрекеттің өзара қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың практикалық міндеттерді шешу процесінде пікір айтуы оларға қортынды жасауы сияқты тиісті әрекеттерден тұрады. Келесі кезеңде сөйлеу әрекеттің алдын орау, жоспарлау функциясын атқарады.

Тіл баланың жалпылауларының жай қосымшасы ғана емес. Сөз - қоғамдық тәжірибенің бір бөлшегі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғары, нағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады.

Ойлауды қалыптастыруда шешуші роль атқарудың үлесіне тиеді. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалар ойлауының бұрын жастың ажырамас белгісі деп саналып келген көптеген ерекшеліктері, шындығында балалар өмірі мен іс-әрекеттің айрықша жағдайларымен түсіндірілетінін және мектепке дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерін өзгертуге болатындығын көрсетіп отыр. Бес-алты жасар балалар денелердің кейбір жалпы физикалық қасиеттері мен күйлері, жануарлардың дене құрылысының олардың тіршілік жағдайына тәуелділігі, Бүтін мен бөлшектің арақатынасы, бірлік пен көптік т.б. туралы білімдерді оңай игереді және осы білімдерін өздерінің ойлау әрекетінде қолданады. Оқытудың тиісті формаларында (ақыл-ой іс-әрекеттерін кезең бойынша қалыптастырғанда) мектепке дейінгі балалар логикалық ойлаудың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.

Мектепке дейінгі шақта бала алдында тұңғыш рет практикалық қана емес, сонымен бірге білім алуға бағытталған айрықша танымдық міндеттер де пайда бола бастайды. Мұндай міндеттердің үлес салмағы біртіндеп артады. Атап айтқанда, танымдық белсенділік шеңберінде ақыл-ой іс-әрекеттерінің жоғары типтері қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіздеу болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты –-оны біртіндеп саналы ниетке бағындарып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.

Мектепке дейінгі балалық шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып, “өзі есте қалатынды” есінде сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Тіпті тексті есте қалдыруда мазмұннан гөрі ырғақ пен ұйқастық көбірек маңызы бар.

Таным іс-әрекеттерінің барлық түрлерін жетілдіру баланың тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар игеретін сенсорлық эталондарды бекітіп, ұғымдар мен түсініктерді тасушы ретінде ойлау процестеріне еніп, логикалық пікірлесу мүмкіндіктерін қамтамассыз етеді. Сөйлеу қиял қызметін бағыттайды, ырықтылық элементін енгізе отырып, зейін мен ес алдына міндеттер қояды есте сақтауға мән береді. Сөйлеу арқылы балаға адамзат тапқан. Жинақталған тәжірибе, атап айтқанда, психикалық іс-әрекеттің өзінің тәжірибесі беріледі.

Мектепке дейінгі шақтың басында бала ана тілін іс жүзінде тәп-тәуір игереді. Алайда, оның сөйлеуі ситуациялы: сол нақтылы жағдайдан тысқары жерде түсініксіз болады. Ол баланың өзіндік әрекеттерінде әлі өте нашар реттейді. Бала тілдік құбылыстарды аңғара алмайды, сөздерді олар бейнелейтін заттардан ажырата білмейді. Мектепке дейінгі шақтың аяғында сөздік қор молайып, тілдің грамматикалық құрылысы одан әрі жетіле түседі; ситуациялы сөйлеуден ситуациядан тыс жерде де түсінікті болатын контекстік сөйлеуге ауысу жүзеге асады; мінез-құлықта және психикалық әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыруда тілдің реттегіштік функциясы құрт артады; сөздік ойлаудың негізі болатын іштей сөйлеу қалыптасады. Тиісінше үйреткен кезде балалар тілдің сөздік құрамы мен сөздің дыбыстық құрамын аңғара бастап, тілдік құрлыстарға болмыс құбылыстарының ерекше түрі ретінде қарай бастайды.

Баланы іске итермелеуші күштің ендігі бір түрі сол объектінің, мысалы, ойынның оған қызғылықты келуі. Ойын неғұрлым қызғылықты келсе, соған көп уақытын жіберіп, мезгілдің қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.

Мұнымен қатар мектепке дейінгілердің іске оларды итермелейтін күштің бірі өзгелер алдында арлануы не өзінің намысын төмендетпеуге тырысуынан да кездеседі. Соңғы жағдайда бәлендей істі не тапсырманы орындамаса, өзгелерден ұят деп түсінеді.

Бұл келтірілген мотивтердің түрі бөбек жасында кездеспейді. Осылар бірлесіп иерархиялық түрде қабаттасып кездеседі. Тек осындай бірлесудің нәтижесінде мотивтер мен ниет баланы тиісті істі орындауға итермелейтін болады.

Сайып келгенде мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиеті және оны іске итермелейтін мотивтер мен ниеттер недәуір қалыптасып, алдағы кезде баланың жетістікке жетуіне жағдай туғызады.

6– дәріс. Нәресте жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері..
1. Нәресте жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері.

2. Нәресте жасының жалпы сипаттамасы.

3. Нәресте тілінің шығуы және оның сөз қоры.Нәресте жасындағы сенсорлық үрдістердің дамуының негізгі заңдылықтары.

4. Қарым-қатынас нәресте жасының жетекші іс-әрекеті. Сөздің дамуына дайындық сатысы.

Баланың дамуын зерттеудің нормальді, яғни орта деңгейдегі ыңғайын балаларды зерттеудегі классикалық Американдық бағыт қарастырады. 40- 50 жылдары баланың эмоцианальді реакциялары зерттеле бастады (А.Джерсилд, т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет