Қиялдың дамуы. Баланың қиялы сананың басты функциясы. Басты функцияның бір сызығы бір заттың екінші затпен, олардың бейнесімен, математикалық, сөздік және басқа бейнелерді пайдаланудың орын басудан логикалық ойлау формасын меңгеруге алып келеді. Басқа сызық шынайы заттарды толықтыру және орын басу мүмкіндіктерінің көрінуіне, жиналған материалдардан жаңа бейнелер көрінісін құруға алып келеді.Баланың қиялы ойын барысында қалыптасады. Бірінші кезеңде ол заттарды қабылдаумен оларды ойын іс- әрекетінде орындаудан ажыратып қарамайды. Бала таяқшамен атпен шабады – осы сәтте ол шабандоз, ал таяқша – ат. Бірақ ол таяқша болмаса атты көз алдына елестете алмайды.Үлкен балаларда қиял орын басатын заттарға ұқсамаитын заттарға сүйенеді.Бірте-бірте сыртқы сүйеніш қажеттігі жайылады. Шын мәнінде жоқ затпен ойын іс-әрекетіне кірісу – интериоризация жүреді. Бұл қиял ерекше психикалық процестің тууы секілді.Басқа жағынан қарағанда ойын көрінетін іс-әрекеттерсіз жоспарлы түрде жүреді.Балаларда қиял образы эйдетикалық образға жақын болуы мүмкін болғандықтан өзіндік сипатқа ие. Эйдетикалық образдар әсіресе бос қабылдау болмағанда, түнде жарық сөндірулі болғанда бала санасына қарқынды әсер етеді. Бұл балалар үрейінің себебі болуы мүмкін.Осы уақытта балада арнайы қиял дами бастайды, ол өз іс-әрекетін жоспарлағанда нәтежесін өзіне бағыттайды. Сонымен бірге бала еріксіз пайда болған образдарды қолдануды үйренеді. Балалар шығарған тарих пен ертегілер жүйелі және шынайы бола бастайды. Сонымен қатар балалар сюжетті логикалық түрде соңына дейін жеткізеді.
Балалардың қиялы ересектердің қиялынан бай деген пікірлер бар. Бұл пікірлер балалар әртүрлі себептерге байланысты қиялдай бергендігіне негізделген.
Бірақ балалар қиялы бай емес, көптеген іс-әрекеттерге қатысты ересек тердің қиялынан төмен. Бала өмірлік тәжіребесі аз болғандықтан ересек адамдардан әлде аз қиялдайды.Сонымен бірге ересектер өмірінен қарағанда, бала өмірі маңызды рөль атқарады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – бұл баланың қоршаған ортаны танып, меңгеруге бірден-бір жетекші жол.Қиял мен естің жүйелі дамуының сипаты мектепке дейінгі кезеңде осы танымдық процестің кейбір онтогенез бейнесін береді. Алғашында бала бірдеңені елестетуге немесе еске сақтауға мақсат қоюға тырыспайды.
Қиял және ес образы ойын процесінде, сурет салуды, ертегі және әңгіме тыңдағанда пайда болады.3-4 жаста бала қайта жаңғыртуға ұмтылу, бала әліде бұрын қабылдағандарын ұстай алмайды. Қайта жаңғырған образдар бірінші негізден алшақ болады және баланың есінде көпке дейін сақталмайды. Бірақ баланы тек қана ертегі киіпкері болатын қиял әлеміне жетектеу оңай. Егер ересек адам бір фантастикалық кейіпкердің рөлін алып сомдаса, бала бұған шынайы өмірдегідей қайғырып, қуанады. Ересек адамның көмегі арқылы бала өөзіндік кейіпкерлерді сомдауға үйренеді. Бұл кейіпкерлер аяқталмаған, бала көбіне оның іс-әрекетін соңына дейін апармайды.Баланың санасында болып жатқан образдың туындауын және сыртқы көзқарасымен қабылдауын бақылау өте қиын: бала өзі образды суреттеуге және оны беруге қиналады: қағазға салып немесе іс-әрекетімен әліде дамымаған күшпен « техникамен » бейнелей алмайтындығын көрсету. Осы құпия әзірше отбасында сақталған. Бірақ тарихи шығармамен әңгімелерді құрастырғанда таныс образдарды пайдалануды, сонымен қатар, бала шығарма жазғанда оның логикалық құрылымына мән бермейді, тек жүре пайда болған әңгіме ассоцияциясына сүйенеді.
Үлкен мектеп жасында баланың қиялын басқаруға болады. Қиял әрекеті қалыптасады: көрнекілік манер формасындағы түпкі ой; зат образымен әрекет; қиялдағы заттың образы. Қиялда қарастырылып отырған суретке , тыңдалынып отырған ертегіге жалғасын тоқтатады. Ол практикалық іс-әрекеттен бөлектеніп, дербестікке ие болады.
Баланың жалпы психикалық дамуында қиялдың белсенді дамуымен үлкен қауіп байланысты. Кейбір балаларда қиялы кез келген тілегіне еш қиындықсыз жететін, ерекше әлемді құрады, шынайылықты «ауыстырады». Бұндай жағдайлар ерекше көңілді талап етеді, аутизми ( шынайылыққа қызығушылықтың жоғалуы ) немесе бала психикасының дамуының бұзылғанын растайды. Бірақ бұл ізсіз жоғалатын уақытша құбылыс.
7– дәріс. Бөбектік шақтағы психикалық даму шартының жалпы сипаттамасы.
Бөбектік шақтағы психикалық даму шартының жалпы сипаттамасы.
Бөбектік шақтағы ойын іс-әрекеттің сипаттамасы.
Сәбилік шақтағы психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары.
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда недәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен нерв системасының төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидің төменгі алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында бәлендей биологиялық түрде жататын жануар ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды.
Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойдың дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: “Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интелект жағынан алып қарағанда қабілеті қандай екен соны біліңіз. Осыдан соң бөбекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз”,- дейді. Содан Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы - үш жас деуі еді. Үш жас адамдағы психикалық дамудың тең ортасы деуге АҚШ психологы Э.Трондайк қосылыпты. Біз осыдан психикалық даму қанша уақыт өмір сүргеніне байланысты емес екенін, осының себебі психика дамуының шапшаңдығы әр жаста түрліше келетінін көреміз.
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қылып мініп, “осы менің атым” деп жүгіретіні көрсетеді.
Бөбектердің есеюіне орай өз қолдарымен нәрсе жасау әрекетіне келсек, осылардың көбі балалар бақшасында ұйымдастырылады. Мысалы, оларға кесте тігу, не қағаздардан белгілі бір нәрселерді құрастыру т.с.с. тапсырмаларды беріп, қолының ептігін күшейтуге жағдай туғызады.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Біз ілгеріде 12 ай толған баланың сөздігі 10-дай жеке сөздерден тұрады дедік. Бірақ олар жеке сөздерден сөйлем құрастыру білмейді. Бөбек 1,5 жаста 200-дей сөз біледі. Осы кезден бастап сол сөздерден сөйлем құрастыруға талпынады. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестеуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарын таныс еместерінен ажырататын болғанымен оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бар қасиетіне, не белгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады.
Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, енімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Бөбек жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, ”төртбұрыш”, ”үш бұрыш”, ”тік бұрыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, көкшіл, ақ, қара т.б.) ажыратып соларды қосымша түстерден олардың араласуынан болған түстерден айыра бастайды.
Ал бөбектің ақыл-ой қабілетіне келсек, осының өзі бұларда әлі жөнді қалыптаспаған. Ж.Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасындағыларды ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Пиаже “ойлану” деген терминді, проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т.б.) қолданды. Ал бала өзінің ойын біреуге жеткізе алса, осыны Пиаже ойлану деп атамайды. Тікелей мағынасында ойлану процесі бөбектерде кездеспейді. Оларда ойланудың тек қарапайым түрлері бар. Бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеседі. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десе, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, “қара!” деп соны қайтадан салады.
“Дағдарыс” кез бөбектерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білініп жарымайды. Бірақ әрқайсысында азды-көпті кездесетіні сөзсіз. Ал осы келтірілген “менменсіну”бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесу, яғни негативизмге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, 3 доағалақты велосипедке мініп жүрген бөбекке, егер шешесі мінуге рұқсат етпесе ызаланады. Кейін шешесі “міне ғой” десе, ерегісіп “енді мінбеймін” деп отырып алады. Сол кезде “мінбей-ақ қой десе”, онда “мінемін” дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс істегісі келеді.
Сонымен біз бөбектің жеке басына тән оның “Мен” деген қасиетінің қалай қалыптасатынына тоқталдық. Бұл айтылған менменсіну, қырсықтық т.б. бөбектің үлкендердің қол астында болуымен, оның психикасы дамуының өріс алу арасында қайшылықтың болуынан. Жамандық болмай, жақсылық жоқ деген сияқты, қайшылық бөбекте келешекте қиын жағдайға ұшырататыны болғанымен, осының өзі психикалық дамудың шарты. Егер баланың өмірінде қайшылық кездеспесе, алға қарай дамымай, бір қалпында тұрып қалған болар еді.
8– дәріс. Бала дамуындағы ойынның ролі.
1. Сезімдердің қалыптасуы. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы (тазалық, оқу мен еңбектің элементтері).
2. Бала дамуындағы ойынның ролі.
3. Баланың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы – баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас) ерте балалық шақтың онтегенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын ересек адамдармен қарым- қатынас жасау арқылы, сонымен қатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлумттік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар.
Алайда, сол бір объектіні зерттей отырып – психикалық даму – генетикалық және баланың психикасының екі әр түрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуына және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектерге жүргізілуі мүмкін. Алайда, генетикалық зерттеу объектісі бала болып табылады.
Генетикалық психологгияның негізгі стартегиясы – психикалық құбылысты жасау, пайда қылу қалыптастыру болып табылады. Л.С. Выготский қалыптастыру жайлы алғаш айтқан. «Біз қолданатын әдіс эксперименталды генетикалық деп аталуы мүмкін. Себебі, ол жасанды түрде психикалық дамудың генетикалық тұрғыда жасап шығарады. Әрбір қатып қалған психологиялық форманы ерітіп, оны қозғалғыш ағынға айналдыру қажет. Анализдей келе, жоғарғы форманы зат есекбінде емес, процесс есебінде алып, заттың оның бөлшектеріне емес, ол прцестен бөлек сәттеріне бару.»
Баланың психикасынан басқа психологиялық саланың айырмашылығы – ол ерекше бірліктермен жұмыс жасайды, олар – жас немесе даму кезеңі болып табылады.Мектепке дейінгі кезеңде бала жаңа принципиалдық жетістікке жетеді. Бала ересектермен және құрдастармен қарым- қатынастың қиын- қыстау кезеңінде басқа адамдардың рефлекциясын меңгереді. Бұл кезеңде ересектермен қарым- қатынас жасау барысында идентификация қабілеті қарқынды дамиды. Кейінгі жастық шақта бала бір мезгілде позитивті және негативті даралануды меңгереді. Мектепке дейінгі кезеңде өз дене мүшелерін белсенді түрде басқара алады. Бұл шақта балада дене мүшелерінің құрылымына, соның ішінде жыныс мұшелерінің ерекшеліктеріне қызығушылық пайда болады. Осы кезңде баланың тілі қарқынды түрде дамиды. Осы кезеңде бала жаңа жаңа құбылыстарды меңгеруге үзілді- кесілді қарсы, ол бұрынғы меңгерген білімдерін қайта жаңғыртады.
Достарыңызбен бөлісу: |