Қалыпты жағдайда зәрді ыдысқа құйғаннан кейін бірнеше сағат ішінде зәр мөлдірлігін сақтау керек. Аз ғана лайлану оның құрамындағы эпителиалды жасушалар мен шырыш әсерінен болуы мүмкін.
Зәрдің лайлану себебі:
Эритроциттердің болуы (зәр-тас ауруы, пиелонефрит, гломерулонефрит, қуық қатерлі ісігі, простатит)
Лейкоциттердің болуы (пиелонефрит, цистит)
Зәрде бактериялардың көп болуы (пиелонефрит, цистит)
Зәрде белоктың болуы (пиелонефрит, гломерулонефрит, амилоидоз)
Көп мөлдерде эпителийдің болуы (пиелонефрит)
Тұздардың зәрде жоғары болуы (ураттар, фосфаттар, оксалаттар)