Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет15/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Азап. 1. Шариғат заңдары бойынша істеген күнәсі үшін берілетін жаза. Жаратушы жалғыз ием, қуат бер, Азабымды, тозағымды жеңейін. Жаратушы жалғыз ием, шуақ бер, Өзіме де, өзгеге де төгейін (« Я, Жаратушы Аллам!»). Азабын: 129; азабымды: 36; азабыңнан: 41. 2. Ауыс. Ауыр бейнет, мехнат, қиыншылық. Айшылық жол... Шөлдейсің, зарығасың, Армандайсың, аңсайсың, сағынасың. Жол азабын көресің, көресің де, Ашынасың, біресе бағынасың («Өлең деген...»). Азабын: 63; азаппен: 73.
Азға(ы)н Түр-тұлғасынан айырылған, азып-тозған, шаршап-қажыған. Баянсыз жылдарым бар текке кеткен, Бейшара жандарым бар өкпелеткен. Әлде мені тірлікте масқаралап, Өмірдің азғаны боп өт демек пе ең?! («Ажалға»). Азғаны: 11.
Азын-аулақ. Аздаған, біраз. Осынау азын-аулақ тәтті өмірді Өайтер еді өткізсем сәл көңілді. Аялдашы, бой жазып бір түзейін, Өкінішпен ұзатөан күндерімді («Ажалға»). Азын-аулақ: 11.
Ай. Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Отыз-отаз бір күндік мерзім. Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін, Өкініп, опық жейтін мезгіл жетсін. Шынайы саған деген махаббатым Өміріңе қарыз боп бірге кетсін ( «Не айтам саған...» ). Ай: 99, 109, 113; айлар: 11, 34 (2), 98.
Айлар өтті. Окказ. Айлар жаңарды, ай артынан ай ілесті. Содан бері күн өтті, айлар өтті, Айлар өтті, арман боп ойлар өтті. Алатаудың төсінде сайрандаған Ақмаралым адасып қайда кетті? («Ақмарал»). Айлар өтті: 34 (2).
Ай. Түнде жарық сәуле шашып тұратын аспан денесі. Тік тұр ол. Қырын қарап сай-салаға, Күн- көркі, Көк- мекені, Ай - шағала. Қалғымай қанша жылды өткерді екен, Тәкаппар Тянь- Шаньдағы қайсар аға? («Хантәңірі»). Ай: 56, 59, 61, 115; айдың: 83; айды: 57, 59, 111; айың: 74.
Ай туды. Өліарадан кейінгі жаңа айдың алғаш көрінген кезі. Ай туыпты шалқалап , Шатынап аяз болар ма?! Тыныстай қапты шартарап, Шарқ ұрып дауыл соға ма?! («Қабағы таудың қатулы»). Ай туыпты: 59; туған айды: 59.
Айғай. Дауыстың көтеріңкі шығуы. Тау өзені тентек қой, тасып жатыр, Ақ көбігін аспанға шашып жатыр. Арғы жаққа отарын өткізе алмай, Бала шопан айғайға басып жатыр («Тау өзені...»). Айғайға: 72.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет