Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшін І аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І


Науқастың болжам диагнозы қандай?



бет16/38
Дата20.11.2023
өлшемі82,22 Kb.
#192256
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
на руки 1 АБ ЖМ 5 курс 2023-24

18. Науқастың болжам диагнозы қандай?
Науқас 20 жаста, тамағының оң жағы қатты шаншып ауырады, ауырсыну құлаққа беріледі, басының ауруына, қалтырауға, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Денесінің тоңазуынан соң, тамағы ауырып, температурасы 38º көтерілген. Үйінде антибиотик, сульфаниламид қабылдаған. 3 күннен кейін температурасы қалыпына келген, содан соң емделуді тоқтатқан. 5-ші күні температура бірден 39º-қа көтеріліп, жұтынғанда тамағының оң жағында ауырсыну күшейіп, қалтырау пайда болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38º. Фарингоскопия: таңдай бадамшасы қызарған, инфильтрацияланған, беткейінде жамылға жоқ. Оң жақ бадамшаның артқы доғасы қалыңдаған, инфильтрацияланған.
A. алдыңғы-жоғарғы паратонзиллярлы абсцесс
B. жұтқыншақ арты абсцессі
C. алдынғы-төменгі паратонзиллярлы абсцесс
D. сыртқы паратонзиллярлы абсцесс
E. артқы паратонзиллярлы абсцесс
19. Болжама диагнозы?
44 жасар науқас: маңдай аймағының қатты ауырсынуына, құсу, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік, мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан сұйықтық ағуы және маңдай тұсының ауырсынуы 10 жыл бойы мазалайды. Соңғы өршуі 2 апта бұрын, тұмаудан кейін басталған. Емхана дәрігерімен ем тағайындалған (маңдай аймағына УВЧ-ы, тамыр тарылтқыш тамшылар және эндоназальды сульфаниламидті препараттар), бірақта нәтижесіз. Соңғы күндер науқастың жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы, құсу, жалпы әлсіздік үдей түскен. Объективті: жағдайы – орташа ауырлықта. Пульс 58 рет минутына. Дене температурасы – 38,6ºС, тері жамылғысы бозарған. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Психикасы өзгерген: эйфория, көп сөйлейді, сөйлегенде әзілдеп сөйлейді, кейде еденге кіші дәретке отырады. Неврологиялық тексеру кезінде сол жақта Кохановский симптомы және ұстау рефлексі анықталады. Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты инфильтрацияланған. Сол жақ мұрын жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс. Сол жақ қас үстін пальпациялағанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелерінде өзгерістер анықталмайды. Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ маңдай қойнауының гомогенді қараюы және қабырғасының деструкциясы бар-ау деген күмән бар.
A. полипозды-іріңді гайморит, самай ми бөлігінің абсцессі
B. созылмалы іріңді гайморит, маңдай ми бөлігінің абсцессі
C. созылмалы іріңді фронтит, маңдай ми бөлігінің абсцессі
D. созылмалы іріңді фронтит, мишық абсцессі
E. созылмалы іріңді этмоидит


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет