Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшін І аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І


Дәрігер қандай алғашқы процедура жасамаған?



бет12/38
Дата20.11.2023
өлшемі82,22 Kb.
#192256
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
на руки 1 АБ ЖМ 5 курс 2023-24

17. Дәрігер қандай алғашқы процедура жасамаған?
Жедел оң жақты гаймориті бар 20 жасар науқасқа оң жоғарғылы жақ қуысына пункция жасалған. Ине арқылы қуысқа сұйықтық өтпеген.
A. Ортаңғы мұрын жолының анемизациясы
B. Жоғарғы мұрын жолының анемизациясы
C. Ортаңғы және жоғарғы мұрын жолының анемизациясы
D. Төменгі мұрын жолының анемизациясы
E. Мұрын қуысын шаю
18. Науқастың болжам диагнозы.
Науқас 38 жаста, ренгенотехник, жұтынғанда тамағының ауырсынуына, температурасының жоғарлауына, аяқ-қолдардың ауырсынуына, қалтырауға шағымданады. Ауырғанын 2 күн, салқын тиюмен байланыстырады.
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі құрғақ, сұрғыш-сары түсті, дене қызуы 39º, пульсі минутына 88 рет. Фарингоскопия: кілегей қабаты орташа қалыпта қызарған, бадамша беткейі лас-сұр түсті некрозды жамылғымен жабылған. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Қан анализінде гранулоциттердің айқын төмендеуі.
A. Лакунарлы баспа
B. Катаралды ангина
C. Моноцитарлы ангина
D. Жұтқыншақ кандидозы
E. Агранулоцитарлы ангина
19. Науқастың болжам диагнозы қандай?
Науқас, тамағының оң жағының қатты шаншып ауыруына, ауырсынудың құлаққа берілетіне, басының ауруына, қалтырауға, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Денесінің тоңазуынан соң, тамағы ауырып, температурасы 37,8º көтерілген. Үйінде антибиотик, сульфаниламид қабылдаған. 3 күннен кейін температурасы қалыпына келген, содан соң емделуді тоқтатқан. 5-ші күні температура бірден 39º-қа көтеріліп, жұтынғанда тамағының оң жағында ауырсыну күшейіп, қалтырау пайда болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38º. Басы ауырған жағына қарай қисайған. Аузы бірнеше милиметрге ашылады, мінгірлеп сөйлейді, дауысы әлсіз.
Фарингоскопия: алдыңғы доға және жұмсақ таңдайдың оң жақ жартысы қызарған, алға қарай ығысқан. Тілшік ісініп, солға ығысқан. Жұтынғында тамағы қатты ауырады.
A. Паратонзиллярлы абсцесс
B. Заглоточный абсцесс
C. Тіл баспасы
D. Мойын флегмонасы
E. Агранулоцитарлы ангина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет