14. Артқы риноскопия кезіндегі анатомиялық түзілістер:
A. хоана, мұрын кеуілжерінің артқы бөлігі
B. хоана, мұрын кеуілжерінің артқы бөлігі, жұтқыншақ және түтік бадамшаларын
C. хоана, мұрын кеуілжерінің артқы бөлігі, жұтқыншақ және түтік бадамшаларын, есту түтігінің жұтқыншақ бөлігіндегі тесігін
D. хоана, мұрын кеуілжерінің артқы бөлігі, жұтқыншақ және түтік бадамшаларын, тіл түбірін
E. мұрын кеуілжерінің артқы бөлігі, жұтқыншақ және түтік бадамшаларын, тіл түбірін
15. Науқастың болжам диагнозы қандай?
Анасы 8 айлық баласының мазасыздануына, айқайлауына, ұйқысының бұзылғанына, тәбетінің төмендеуіне, мұрыннан тыныс алудың қиындауына, 4 күн дене қызуының жоғарылауына шағымданады. 10 күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған, мұрыннан сұйықтық ағуы тоқтап, жөтелі басылған, бірақ жалпы жағдайы орташа күйде, мазасыз, жабыранқы. Қайталап дене температурасы жоғарылап, мұрыннан тыныс алуы қиындаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, tº - 38º, терісі бозғылт. Тыныс алысында “шу” бар. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде оң жағы ауырсынады. Фарингоскопия: жұтқыншақ артқы қабырғасы қызарған, оң жағы томпайған. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз.
A. Жұтқыншақ арты абсцессі
B. Катаралды ангина
C. Моноцитарлы ангина
D. Жұтқыншақ кандидозы
E. Агранулоцитарлы ангина
16. Диагноз қойыңыз?
31 жасар науқас: сол жақ мұрын жартысынан қою іріңді бөлініске, мұрыннан тыныс алуының қиындауына, бас ауруға, маңдай аймағындағы ауырсынуға, дене температурасы – 37,8ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Ауруы 3 жыл бұрын басталған, тұмаудан кейін мұрыннан қою ірің ағып және басы ауырған. Денесі салқындаса ауруы өршиді. Соңғы өршу 1 апта бұрын басталған. Объективті қарағанда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақ мұрын кеуілжірлері гипетрофияланған, ал ортаңғы мұрын жолында іріңді бөлініс және кіші көлемдегі полиптер анықталады. Сол жақ қас үсті аймағы пальпацияда ауырсынады. Рентгенограммада: маңдай қуысында толықтай қараюмен іріңнің деңгейі және сол жақ гаймор қуысында аз дәрежеде қабырғалық қараюы анықталады.
A. Полипозды-іріңді гемисинусит
B. Созылмалы іріңді гайморит.
C. Вазомотор риниті
D. Созылмалы іріңді фронтит
E. Созылмалы іріңді этмоидит
Достарыңызбен бөлісу: |