15. Диагноз қойыңыз? 34 жасар науқас сол жақ мұрыннан іріңді бөлініске, мұрынмен тыныс алудың қиындауына, субфебрильді температураға шағымданады. Соңғы 10 жылда мұрынынан сұйықтық жиі ағады және ұзақ уақытқа созылады. 3 жыл бұрын аурудың өршуі кезінде мұрын қосалқы қуыстарының қабынуы диагнозы қойылды. Риноскопияда: Мұрын қуысының кілегей қабығы гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақ төменгі және ортаңғы мұрын кеуілжірінің гипертрофиясы, сол жақтағы төменгі және ортаңғы мұрын жолдарынан іріңді бөлініс анықталады. Сол жақ жоғарғы жақтық қуыс аймағының тұсы басқанда ауырсынады. Мұрынмен тыныс алу сол жақ жартысында қиындаған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында іріңді бөлініс бар. Мұрын маңы қуысының рентгенограммасында: сол жақ жоғарғы жақтық қуысының толықтай қараюы анықталады.
A. жоғарғы жақ қуысының кистасы.
B. созылмалы іріңді гайморит.
C. іріңді сфеноидит
D. созылмалы іріңді фронитит
E. созылмалы іріңді этмоидит
16. Науқастың алғашқы диагнозы қандай? Науқас 25 жаста, шағымдары: маңдай тұсында бастың қатты ауруы, ұстамлы құсуға, тәбетінің жоқтығына, жалпы әлсіздікке, сол жақ мұрын жартысыда іріңнің ағуына, мұрыннан тыныс алудың қиындауына, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан бөлініс және ауырсыну 5 жыл мазалайды. Соңғы өршу 2 апта бұрын, тұмаудан кейін бірден басталған. Дәрігер тағайындаған емнен нәтиже болмаған. Соңғы күндері науқастың жағдайы нашарлаған: бас ауруы, құсу және жалпы әлсіздік күшейген. Объективті: жа5дайы орташа ауыр. Пульс 48 соққы/мин. Дене қызуы 38,6°С. Тері жамылғылары бозғылт. Тілі жабындымен жамылған. Психикасы өзгерген: эйфориялы, көп сөйлейді, тағам жей береді, әңгімесінде көп әзіллдер қолданады. Риноскопияда: мұрын кілегей қабаты инфильтрацияланған. Оң жақ мұрын жартысында қою іріңді бөліністер. Пальпацияда: оң жақ қабақүсті ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері өзгермеген. Мұрын маңы қуыстарының рентгенограммасында: оң жақ маңдай және гайморов қуысының гомогенді қараюы.
A. полипозды-іріңді гемисинусит. Самай ми бөлігінің абсцессі
B. созылмалы іріңді гайморит. Маңдай ми бөлінінің абсцессі
C. созылмалы іріңді гемисинусит. Мидың маңдай бөлінінің абсцессі
D. созылмалы іріңді фронтит. Мишық абсцессі
E. созылмалы іріңді этмоидит