Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшін І аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары
III - вариант
1. Орофарингоскопияға қажетті инструментті көрсетіңіз:
A. құлақ воронкасы
B. шпатель
C. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
E. мұрын-көмей айнасы
2. Лакунарлы баспанын диагностикасына тән белгілер:
A. тандай бадамшасының және доғаларының гиперемиясы
B. тандай бадамшасынын көлемінің үлкеюі
C. лакунаның тереңінен ақ немесе ақшыл- сары түсті жамылғылардың көрінуі
D. әлсіздік, дене кызуынын көтерілуі
E. тамақтың ауруы, жөтел, мұрыннан бөліністердің бөлінуі
3. Баспада қолданылатын ем:
A. май-сілті ингаляциясы
B. Малина, лимон, балмен шай ішу, аспирин, антибиотиктер қабылдау, тамақты дезинфекциялык ерітінділермен шаю
C. қыша қағаздарын пайдалану
D. Люголя ерітіндісін таңдай бадамшасына жағу
E. ылғалды оттегі
4. Созылмалы тонзилиттің тиімді емі:
A. антибиотиктер
B. таңдай бадамшасын майлау
C. ингаляция
D. бадамшаның лакунасын жуу, жартылай хирургиялық және хирургиялық әдістер қолдау
E. ляписпен және үшхлорлы сілтімен күйдіру
5. Қай ауру кезінде екіншілік баспа пайда болады?
A. гемофилия
B. инфекциялық мононуклеоз
C. тромбоцитопения
D. жедел отит
E. ларингит
6.Мұрының туа біткен атрезияның орналасуын көрсетіңіз:
A. төменгі мұрын жолы
B. жоғарғы мұрын жолы
C. хоана
D. ортаңғы мұрын жолы
E. жалпы мұрын жолы
7. Мұрын пердесінің қисаюында қолданылатын ем?
A. тонзиллотомия
B. мұрын пердесінің кілегей астылық резекциясы
C. аденотомия
D. гипосенсебилизациялық терапия
E. тонзиллэктомия
8. Гаймор қуысының пункциясы қай мұрын жолы арқылы жүргізіледі?
A. төменгі
B. ортаңгы
C. жоғарғы
D. жалпы мұрын жолы
E. жоғарғы және ортаңғы
Достарыңызбен бөлісу: |