Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І вариант 1.Отоскопияға қажетті инструметті атаңыз: +A. құлақ воронкасы;
B. құлақ пинцеті;
C. мұрын айнасы;
D. көмей айнасы;
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы.
2.Киссельбах аймағынан жергілікті қан кеткенде қандай шаралар тиімді? A. артқы тампонада;
B. кілегей қабығын электрокаутермен күйдіру;
+C. алдынғы тампонада;
D. тамырды байлау;
E. қан құю.
3. Мұрын қуысы алдыңғы бассүйек ойығынан қай түзіліс арқылы бөлінген? A. торлы сүйектің елеуіш тәрізді пластинкасы;
B. қағазды пластинкамен;
+C. мұрын сүйегімен;
D. жас сүйегімен;
E. жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен.
4.Тіл бадамшасының қабынуын дәлелдеуге қандай объективті зерттеу әдісі қолданылады? A. алдынғы риноскопия;
B. артқы риноскопия;
C. отоскопия;
+D. гипофарингоскопия;
E. рентгенография.
5.Жұтқыншақ арты абсцесіндегі негізгі объективті симптомы? A. ауру жиі балаларда кездеседі;
B. жұтыну және тыныс алудын қиындауымен ерекшеленеді;
+C. жұтқыншақтың артқы қабырғасында флюктуациялық томпаюдың болуы;
D. аурудын себебі туберулез;
E. дене қызуының жоғарлауы.
6.Жалған круптың негізгі симптомы: A. афония немесе дисфония;
+B. үрлеп жөтелу немесе қарлыққан жөтел;
C. тамақтың ауырсынуы;
D. пульс пен температураның сәйкессіздігі;
E. жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
7.Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы риногенді басішілік асқынуларға жатады? A. персинуозды абсцесс;
B. синусты каверноздың тромбозы;
+C. мишық абсцесс;
D. сигма тәрізді синустың тромбозы;
E. жайылмалы іріңді менингит.
8.Мұрынның артқы тампонадасының асқынулары: +A. жедел ортаңғы отит;
B. жедел іріңді синусит;
C. кавернозды синустың тромбозы;
D. жедел ларингит;
E. жедел фарингит.