Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І


Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады



бет7/18
Дата26.10.2022
өлшемі55,73 Kb.
#154873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Отортноларингология рк1

15. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады.
14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады.
A. қабақтың ісінуі;
B. орбитаның флегмонасы;
C. вазомотор риниті;
D. кавернозды синустың тромбоз;
E. менингит.
16. Науқастың емі және диагнозы?
40 жастағы науқастың рентгенограммасында: сол жақты жоғарғы жақ қуысының қараюы. Қараю біркелкі, интенсивті, қуыстың қабырғасы өзгермеген. Анамнезде: науқастың 3 апта бұрын оң жоғарғы жақтың 6 тісі жұлынған, содан кейін іріңді бөліністер пайда болған, соңынан өздігінен тоқтап тиылған.
A. іріңді сфеноидит, консервативті ем;
B. созылмалы іріңді гайморит, консервативті ем;
C. одонтогенді гайморит, хирургиялық ем;
D. созылмалы іріңді фронтит, хирургиялық ем;
E. созылмалы іріңді этмоидит, консервативті ем.
17. Науқастың болжам диагнозы. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?
Пневмония әсерінен әлсіреген науқаста антибиотикотерапия фонында дене қызуы жоғарлап, тамағында ауырғандық, аран кілегей қабығының қызаруы, бадамша без беткейінде жамылғылар пайда болып, бір-бірімен қосылып таңдай доғаларына және жұтқыншақтың бүйір қабырғаларына тарады.
A. лакунарлы ангина,ҚЖА;
B. катаралды ангина, ҚЖА;
C. моноцитарлы ангина. ҚЖА, флораға жағынды;
+D. жұтқыншақ кандидозы. ҚЖА, флораға жағынды;
E. агранулоцитарлы ангина. ҚЖА.
18. Науқастың болжам диагнозы қандай?
Науқас 20 жаста, тамағының оң жағы қатты шаншып ауырады, ауырсыну құлаққа беріледі, басының ауруына, қалтырауға, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Денесінің тоңазуынан соң, тамағы ауырып, температурасы 38º көтерілген. Үйінде антибиотик, сульфаниламид қабылдаған. 3 күннен кейін температурасы қалыпына келген, содан соң емделуді тоқтатқан. 5-ші күні температура бірден 39º-қа көтеріліп, жұтынғанда тамағының оң жағында ауырсыну күшейіп, қалтырау пайда болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38º. Фарингоскопия: таңдай бадамшасы қызарған, инфильтрацияланған, беткейінде жамылға жоқ. Оң жақ бадамшаның артқы доғасы қалыңдаған, инфильтрацияланған.
A. алдыңғы-жоғарғы паратонзиллярлы абсцесс;
B. жұтқыншақ арты абсцессі;
C. алдынғы-төменгі паратонзиллярлы абсцесс;
D. сыртқы паратонзиллярлы абсцесс;
+E. артқы паратонзиллярлы абсцесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет