Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І


Ортаңғы мұрын жолының іріңді жолақтары қай ауруларда кездеседі?



бет14/18
Дата26.10.2022
өлшемі55,73 Kb.
#154873
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Отортноларингология рк1

9.Ортаңғы мұрын жолының іріңді жолақтары қай ауруларда кездеседі?
A. жоғарғы жақ қуысы;
B. торлы лабиринттің артқы клеткалары;
C. сына тәрізді қуыс;
D. торлы лабиринттің алдыңғы және артқы клеткалары;
E. торлы лабиринттің ортаңғы және артқы клеткалары.
10.Мұрын қабынуында кездесетін басішілік асқынулар:
A. көлденең синустың тромбозы;
B. самай ми бөлігінің абсцессі;
C. сигма тәрізді синустың тромбозы;
D. кавернозды синустың тромбозы;
E. мишық абсцессі.
11. Мұрын-жұтқыншақты зерттеу әдісі
A. диафаноскопия, R- графия;
B. R- графия, саусақпен тексеру;
C. диафаноскопия, саусақпен тексеру;
D. артқы риноскопия, алдыңғы риноскопия;
E. артқы риноскопия, саусақпен тексеру.
12. Үңгірлі қойнау немен шектеледі
A. кезбе нерв, бет нерві, әкететін нерв;
B. бет нерві, әкететін нерв, көз қозғалтқыш нерв;
C. кезбе нерв, шығыршық тәрізді нерв, көз қозғалтқыш нерв;
D. әкететін нерв, шығыршық тәрізді нерв, көз қозғалтқыш нерв;
E. кезбе нерв, әкететін нерв, көз қозғалтқыш нерв.
13.Үңгір қойнауның тромбозының себебі
A. мұрын шиқаны, трахеобронхит, паратонзиллит;
B. трахеобронхит, паратонзиллит, сфеноидит;
C. мұрын шиқаны, этмоидит, сфеноидит;
D. паратонзиллит, этмоидит, сфеноидит;
E. мұрын шиқаны, паратонзиллит, сфеноидит.
14. Үңгірлі қойнаудың тромбозының белгілері
A. жақ бұлшық еттерінің қарысуы, бет нервінің қабынуы, көру нервісінің қабынуы;
B. бет нервінің қабынуы, көру нервісінің қабынуы, көз алмасының қозғалуының шектелуі;
C. жақ бұлшық еттерінің қарысуы, экзофтальм, көз алмасының қозғалуының шектелуі;
D. көру нервісінің қабынуы, экзофтальм, көз алмасының қозғалуының шектелуі;
E. жақ бұлшық еттерінің қарысуы, көру нервісінің қабынуы, көз алмасының қозғалуының шектелуі.
15. Қандай диагноз қоюға болады?
Бала М. 11 жаста, дененің қызуына, тамағының жұтынғанда ауырсуына, жалпы әлсіздікке, қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 2 күн, салқын тиюімен байланыстырады. Объективті: дене температурасы 38,7°, пульсі минутына – 98, қанағаттанарлық күйде. Бадамшасы қызарған, ісінген, бір-бірімен беттесе орналасқан. Бадамшаның беткейінде ақшыл сары түсті көлемі түйреуіштін басындай жамылғылар бар. Төменгі жақтың бұрышында мойын лимфа түйіндері фасольдің көлеміндей үлғайған, басқанда ауырсынады.
A. катаральды ангина;
B. көмей туберкулезі;
C. лакунарлы ангина;
D. көмей дифтериясы;
E. фолликулярлы ангина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет