Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І


Науқастың алғашқы диагнозы қандай?



бет11/18
Дата26.10.2022
өлшемі55,73 Kb.
#154873
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Отортноларингология рк1

15. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?
26 жасар науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысымен тыныс ала алмайды. Бұл жағдай 2 жылдан бері мазалайды. Алғашқысында оң жақ мұрынның тыныс алуы, кейін тыныс шығаруы қиындаған. Қарағанда: мұрын қуысының кілегейі ісінген, мұрын пердесі сүйек-шеміршек бқлігі оңға қарай ығысқан және іріңді бөлініс бар. Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысы және торлы сүйектің клеткалары қарайған. Қарағанда: мұрын-жұтқыншақта оң жақ хоанада орналасқан бозғылт-сұр түзіліс байқалады.
A. полипозды іріңді гемисинусит;
B. созылмалы іріңді гайморит;
C. оң жоғарғы жақ қуысының ісігі, созылмалы іріңді фронтит;
D. созылмалы іріңді фронтит;
E. созылмалы іріңді гайморит, этмоидит, хоанальды полип.
16. Науқастың болжам диагнозы қандай?
14 жасар қызда тамағының өзіндік ауруы, қызба, әлсіздік бар. Бірнеше күнгі жеңіл әлсіздіктен кейін, 3 күн бойы жоғарыда келтірілген шағымдар мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері – ылғалды, қызуы 40ºС. Жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған. Бадамша ақ жамылғымен жабылған. Жоғарғы мойын, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған оданда басқа қолтық, шап бездері пальпацияланады. ЖҚА: лейкоцит 12х109/л, эозинофил – 0 %, базофил - 1%, таяқша ядролы - 0%, сегмент ядролы - 23%, лимфоцит - 50%, моноцит - 26%.
A. лакунарлы ангина;
B. катаралды ангина;
C. моноцитарлы ангина;
D. жұтқыншақ кандидозы ;
E. агранулоцитарлы ангина.
17. Қандай диагноз қоюға болады?
Науқас 18 жаста, сол жақты артқы паратонзиллит диагнозы қойылған, кілегей қабығында ісіну белгілері бар. Науқаста қандай асқынудың қауіптілігі бар. Паратонзиллярлы кеңістікке диагностикалық тілік жасалған, іріңді бөлініс болмаған. Үш сағаттан кейін, сол жақ көмей-жұтқыншақтың кілегей қабығында, ожау-бөбешік қатпарында ісіну пайда болған.
A. мойын флегмонасы;
B. флегмонозды ларингит ;
C. көмейдің ісінуі;
D. жедел ларингит;
E. жұтқыншақ арты абсцесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет