Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І



бет12/18
Дата26.10.2022
өлшемі55,73 Kb.
#154873
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Отортноларингология рк1

18. Диагноз қойыңыз?
34 жасар науқас шүйде аймағының ауырсынуына, оқтын-оқтын мұрыннан сұйықтықтың ағуына шағымданады. Соңғы 3 жылда қан қасымы жоғары.Терапевт І дәрежелі гипертония ауруын қойған. Алдыңғы риноскопия: Мұрын қуысының кілегейі аздап ісіңген, төменгі мұрын кеуілжірінің алдыңғы бөлігінде көгілдір дақтар бар. Мұрын жолдары бос, мұрын-жұтқыншақтың артқы қабырғасы еркін көрінеді, мұрынмен тыныс алу қалыпты. Артқы риноскопия өзгеріссіз. Мұрын маңы қойнауының рентгенограммасында оң жақ маңдай қойнауының ортасында пішіні дөңгелек шекарасы айқын диаметрі 1 см қараю анықталады, түзілістің шеті орбита қабырғасына жетпеген, маңдай-мұрын каналы зақымдалмаған. Бүйір проекциясында түзіліс алдыңғы қабырғасында орналасқан, артқы бөлігіндегі церебральді қабырғасына жетпеген, басқа мұрын маңы қойнауларының құрылымы өзгеріссіз. Басқа мүшелер мен жүйелер жағынан патология анықталмаған.
A. полипозды-іріңді гемисинусит;
B. созылмалы іріңді гайморит;
C. вазомотор риниті;
D. созылмалы іріңді фронитит;
E. маңдай қуысының остеомасы.
19. Риногенді көз ішілік асқынуды аңықтаңыз
14 жастағы жас өспірім оң жақ көзін ашалмауыны, бастың ауруына, мұрын бітелуіне, әлсіздікке шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, ауру жедел басталған. Аурудың басталуын қатты тонумен байланыстырады. Мұрын бітелуі, іріңді бөліністер, әлсіздік пайда болып, бас ауруы еңкейгенде күшейген, ем тағайындаған, бірақ науқастың жағдайыкүннен күнге нашарлай берген. Оған сол жақ маңдай аймағындағы ауырсынуы қосылып, сол жақ қабақ тез ісе бастаған. Көзі ашылмайды. Ауыр,анына 4 күн. Объективті: мұрын кілегейі гиперемияланған, кеуілжірлері гипертрофияланған, сол жақ жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс аңықталады. Рентгенограммада: сол жақ гаймор қуысында гомогенді қараю бар, ал маңдай қуысында сұйықтық деңгейі анықталады. Сол жақ жоғарғы қабақ іскен, терісі гиперемияланған, тіндері аздап қатайған, пальпацияда аздап ауырады. Көз өздігінен ашылмайды. Көз алмасы қозғалысы шектелмеген. Экзофтальм анықталмайды. Конъюктива гиперемияланған.
A. қабақ абсцессі;
B. ретробульбарлы абсцесс;
C. солжақты гемисинусит, қабақ пен орбитаның реактивті ісінуі;
D. орбита флегмонасы;
E. қабырғаның периоститі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет