Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшін І аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І



бет34/38
Дата20.11.2023
өлшемі82,22 Kb.
#192256
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
на руки 1 АБ ЖМ 5 курс 2023-24

17. Қандай диагноз қоюға болады?
Науқас 18 жаста қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем машинасымен жеткізілді: әлсіздікке, бас ауруға, тамағындағы ауруға шағымданады. Жедел ауырды,3 күн өзін ауру деп есептейді. Науқас әлсізденген, қиындықпен отыр. Терісі бозғылт ылғалды, дене температурасы 38-39°С, пульс 82 соққы мин. Жұтқыншақтың шырышты қабаты гиперемияланған, бадамша бездер ұлғайған, таңдай доғашықтарына таралған кір-сұр жабындымен жабылған. Жабынды қиындықпен алынады, олардың астында қанағыш тін. Таңдай бадамша бездерінің маңындағы жұмсақ тіндер пастозды, ісіңкі, ауыздан иіс шығады. Мойынның бүйір бетінде, жақ бұрышы ацмағында жұмсақ тіндердің ісінуі анықталады. Диагноз қой:
А. агранулоцитарлы баспа.
B. моноцитарлы баспа.
C. араң дифтериясы.
D. лакунарлы баспа.
E. паратонзиллит.
18. Қандай диагноз қоюға болады?
ЛОР дәрігеріне 25 жастағы науқас басының ауыратындығына, әлсіздікке, мұрнының бітелетіндігіне, іріңнің ағатындығына шағымданып келді. Оның айтуынша суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Тексергенде мұрынның шырышты қабаты қызарған, аздап ісіңген, жалпы мұрын жолында ірің бар. Рентгенограммада гаймор қуысының жиекті гиперплазиясымен қатар сұйықтық деңгейі аңғарылады. Диагноз қойыңыз.
А. екі жақты жедел гаймороэтмоидит
B. екі жақты созылмалы гаймориттің өршуі
C. созылмалы этомоидиттің өршуі
D. гемисинусит
E. пансинусит
19. Қандай диагноз қоюға болады?
ЛОР бөлімшесінің қабылдау бөлмесіне мұрнымен тыныс алуының нашарлағандығына, мұрынның кіреберісінің ісіңгендігіне және ауыратындығына, дене қызуының 38° көтерілгендігіне шағымданған 25 жастағы науқас жеткізілді. Науқастың айтуынша 2 жеті бұрын спорт ойыны кезінде қолы тиіп сыртқы мұрын жарақаттанған. Қан кетпеген. Мұрын бітелген, бәрақ әсер етпеген. Соңғы 2-3 күнде мұрны «ісіп», ауырып, ыстығы 38,5° көтерілген. Алдыңғы риноскопияда мұрын пердесінің шеміршекті бөлігі симметриялы түрде ұлғайған, шырышты қабаты шым қызыл. Диагноз қойыңыз.
А. мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы
B. мұрынның кіреберісінің шиқаны
C. мұрын пердесінің сикозы
D. мұрын пердесінің төртбұрышты шеміршегінің шығуы
E. мұрын пердесінің гематомасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет