Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшін І аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары І



бет37/38
Дата20.11.2023
өлшемі82,22 Kb.
#192256
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
на руки 1 АБ ЖМ 5 курс 2023-24

16. Диагноз қойыңыз:
Бала 13 жаста, бастың, тамақтығының ауру сезіміне, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жүрек тұсы мен буындарының ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: жұтқыншақтың артқы қабырғасының іркілісті қызарған, бадамша бездері борпылдақ, атрофияланған, лакунадағы казеозды тығынның өсінділерімен жабысқан. ЭКГ-да – қарынша аралық өткізгіштіктің бұзылысы байқалады, ЖҚА өзгеріссіз.
А. созылмалы фарингит
B. созылмалы тонзиллиттің декомпенсацияланған формасы
C. созылмалы тонзиллиттің компенсацияланған формасы
D. фарингомикоз
E. мерез
17. Диагноз қойыңыз:
Науқас 30 жаста. 10 жыл бұрын тонзиллоэктомия жасалған. Қазіргі ауруы дәрігерге келгенге дейін екі күн бұрын жедел басталған. Жұтыну кезіндегі және тілін шығарған кезде қатты ауру сезіміне, физикалық жүктеме кезіндегі тынысының қиындауына шағымданады. Қарап тексергенде анықталды: тілдің артқы үштен бір бөлігін шпательмен басқан кезде қатты ауру сезімі, жұтқыншақтың шырышты қабатының қызаруы. Айқын ауру сезіміне байланысты төменгі фарингоскопияны жүргізу мүмкін болмады. Жанама ларингоскопия кезінде тілдің түбірінде бірлі-жарым, нүктелі сары-сұр түсті түзілістер, лимфа тіні инфильтрацияланған. Жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 38,20. Жақ асты екі жақты лимфоаденит, шайнау бұлшықеттерінің жеңіл тризмі анықталады.
А. тіл бездерінің баспасы
B. супратонзиллярлық абсцесс
C. жедел фаринголарингит
D. лакунарлық баспа
E. фарингит
18. Диагноз қойыңыз:
Науқас бронхопневмонияға байланысты антибиотиктер қабылдаған. Дәрігерге жұтқыншақтың ауруы және жұтыну кезіндегі дискомфорт шағымдарымен келді. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты.Фарингоскопия кезінде шырышты қабаты қызарған, гиперплазияланған бадамша бездердің үстінде жабынды анықталды. Жабындылар аралшықты сипатта, ақшыл-сұр түсті, шырышты қабаттың бетінен көтеріліп тұрады.
А. жұтқыншақтың күлі
B. лакунарлық баспа
C. жұтқыншақ кандидозы
D. созылмалы фаринголарингиттің өршуі
E. қатпар астылық ларингит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет