17. Науқасқа қандай диагноз қоюға болады?
Науқас 35 жаста шағымы: мұрынмен тыныс алуы қиындауы. Анамнезде: полипозды этмоидитке байланысты операция жасалған. Мұрынмен тыныс алуы қалыпқа келген, бірақ 3 айдан соң полип қайта пайда болған. Бірнеше рет тұншығу ұстамасы болған. Анамнезінде науқас аспирин және құрамында аспирині бар препараттарды көтере алмайды. Рентгенограмма және компьютерлік томографияда: мұрынның қосалқы қуыстары барлыңы сонымен қатар сына тәрізді қуыста қарайған. Мұрын қуысы полиптермен бітелген. Мұрынмен тыныс алмайды.
A. полипті-іріңді гемисинусит
B. созылмалы іріңді гайморит
C. полипозды риносинусит
D. созылмалы іріңді фронтит
E. созылмалы іріңді гайморит, этмоидит
18. Науқастың болжам диагнозы қандай?
Науқаста профилактикалық қарау кезінде таңдай және тіл бадамша бездерінің беткейінде, сондай-ақ жұтқыншақтың артқы қабырғасында тығыз «тығын» анықталады. «Тығын» конус пішінді, кілегей қабатының үстінде орналасқан, ажыратып алу қиын.
A. фарингит
B. катаралды ангина
C. моноцитарлы ангина
D. жұтқыншақтың кандидозы
E. агранулоцитарлы агина
19. Қандай диагноз қоюға болады?
Бала 9 жаста, оң жақ тамағындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Баспамен ауырып, емделген. Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы 38,6. Тері жамылғасы бозғылт. Фарингоскопияда: тризм, оң жақ бадамша орталық сызыққа және алға қарай ығысқан. Оң жақ алдынғы доға ж әне жұмсақ таңдай гиперемияланған және инфильтрацияланған. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады.
A. катаральды ангина
B. паратонзиллярлы абсцесс
C. бадамшаның гипертрофиясы
D. жұтқыншақ арты абсцессі
E. мойын флегмонасы
Жалпы медицина факультетінің 5 курсы студенттері үшінІ аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары
VII - вариант
1. Жұтқыншақ артылық абсцесс дегеніміз не?
A. жұтқыншақ маңы кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
B. бадамша маңы кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
C. лимфа түйіндердің және жұтқыншақ арты кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
D. лимфа түйіндерінің және паратонзиллярлы кеңістігінің іріңдеуі
E. лимфа түйіндерінің және парафарингиальды кеңістігінің болбыр клетчаткасының іріңдеуі
Достарыңызбен бөлісу: |