14. В. С. Преображенский (1964) жүктелісі бойынша созылмалы тонзиллиттің түрлері:
A. созылмалы суб- және декомпенсациялы түрі, аралас
B. жай түрі, токсико-аллергиялық 1 және 2 дәрежелі және созылмалы тонзиллиттің қосалқы ауруларымен
C. лакунарнарлы, паренхиматозды, склерозды
D. лакунарнарлы, паренхиматозды, склерозды, аралас
E. склерозды, аралас
15. Науқастың болжам диагнозы?
32 жасар науқас бұрын жоғары қызбамен, тамақтың қатты ауырсынумен өтетін балалық шақтан жиі баспамен ауыратынына шағымданады. 5 жыл бұрын фолликулярлы баспа, жүрек, буын зақымдайтын ревматизммен асқынған, соған байланысты 2 ай бойы терапия бөлімінде стационарлық ем алған. Содан бері жыл сайынғы тамақ ауруы, аздап қызбамен мазалайды. Науқас ревматизмнің қайта өршуі болмаса да, дәрігер ревматологтың бақылауында. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Пульс ритмді. Жүрек ұшында систоликалық шу, жүрек шегі солға ығысқан. Алдыңғы таңдай доғаларының жеңіл гиперемиясы. Бадамшалар үлкен емес, доғалармен жармасқан лакунада іріңді тығын. Жақ асты лимфа түйіндері тығыз. Қалған ЛОР мүшелері қалыпты.
A. созылмалы тонзиллит, компенсациялық түрі
B. созылмалы фарингит
C. созылмалы тонзиллит, субкоменсациялық түрі
D. созылмалы тонзиллит, декомпенсациялық түрі
E. агранулоцитарлы ангина
16. Диагноз қойыныз.
Вова К., 8 жаста. Шешесінін айтуы бойынша бірнеше жылдан бері мұрынмен дем алу бұзылған, мұрыннан кілегейлі бөліністің ағуы, құлақтың бітелуі және естімеуі байқалған. Бала түнде аузын ашып ұйықтайды. Ойлау қабілетінің дамуы өз құрбыларынан қалыс. Жиі салқын тиіп ауырады. Объективті: мұрын-ерін қыртысы тегістелген. Тістері әр бағытқа қарай өскен және оның тістесуі дұрыс емес, қатты таңдай күмбез тәрізді (готикалық) мұрын қуысының кілегей қабығы ісінген, көгерген, мұрын жолдары тарылған. Мұрын арқылы дем алуы қиын.
A. жұтқыншақ арты абсцессі
B. аденоидты вегетация
C. созылмалы ринит
D. бадамшаның гипертрофиясы
E. мұрын пердесінің қисаюы
Достарыңызбен бөлісу: |