17. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады?
45 жастағы науқаста тұмаудан кейін, оң жақы іріңді синусит дамыған. Ем қабылдаған, бірақ жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы үдей, дене қызуы 39,4°С-қа жоғарлаған. Жалпы әлсіздік, селқостық пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғал. Пульс 98 рет минутына, ритмді, оң жақ қабақтың тіндері гиперемияланған және инфильтрацияланған. Экзофтальм жоқ. Оң жақ көз алмасының қозғалғыштығы сақталған. Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Оң жақ ортаңғы мұрын жолында іріңді бөлініс бар.
Пальпацияда: зақымдалған жағында қабақ үсті аймағы ауырсынады.
A. қабақ асбцессі
B. орбита флегмонасы
C. қабақ ісігі
D. қавернозды синустың тромбозы
E. глаукома
18. Науқастың болжам диагнозы?
44 жастағы науқасты тамағының қышуы және күюі мазалайды. Бұл шағымдар әсіресе жалпы салқындаудан және ащы тағам қабылдағаннан кейін жиі пайда болады. Обьективті: жұтқыншақтың клегей қабығы сәл қызарған. Бадамша бездері ұлғаймаған, жамылғы және тығын анықталмайды. Жұтқыншақтың артқы клегей қабаты қызарған, тұтқыр қақырықпен жабылған, беткейінде лимфоид тканьдардың және бүйір қатпарлардың (валиктердің) гипертрофиясы байқалады. Көмекейдің клегей қабығы өзгеріссіз дыбыс жалғамалары ақ, қозғалмалы. Дауыс саңылауы кең.
A. фарингит
B. катаралды ангина
C. моноцитарлы ангина
D. жұтқыншақ кандидозы
E. агранулоцитарлы ангина
19. Науқастың болжам диагнозы?
20 жасар науқас тамағының өзіндік ауырсынуына, бастың ауруына, тізе буынының сырқырауына, жалпы әлсіздікке, 38ºС-қа дейін қызбаға шағымданады. Ауырғанына 2 күн, ауыруын салқынмен байланыстырады. Жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген. Пульсі минутына 88 рет, қанағаттанарлық. Ішкі органдары қалыпты. Фарингоскопия: жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, 2 бадамшаның беткейінде акшыл жабынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері қалыпты.
A. лакунарлы ангина
B. катаралды ангина
C. моноцитарлы ангина
D. жұтқыншақ кандидозы
E. агранулоцитарлы ангина
Достарыңызбен бөлісу: |