«Жалпы медицина» 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәні бойынша 2 рубежді бақылау сұрақтары. Ауруханалардағы инфекциялық бақылау жүйесі, мақсаты мен міндеттері
Ауруханаішілік инфекциялар қазыргі медицинаның өзекті мәселесі болып қалуымен қатар, әлеуметтік және медициналық маңызыда жоғары болып тұр. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша ҚР жыл сайын ауруханаішілік инфекция жұқтырудың 500 ден 900 ге дейін оқиғасы тіркеледі. Инфекциялық бақылау - госпиталдық инфекциялардың пайда болуымен таралуының алдын алуға, эпидемиологиялык диагностика нәтижелеріне негізделіп жасалған тиімді ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемиға карсы шаралар жүйесі.
Эпидемиологиялық бақылау эпидемиялық процесс дамуынын үдерісі мен жай-күйін динамикалық бағалау және оның ағымына қорытынды нәтижеге жету мақсатымен дер кезінде араласу.
Бұл анықтамалардың айырмасы: біріншісінде негізгі зейін
эпидемиологиялық диагностикаға аударылса, екіншісінде
атқарылатын шараларға (алдын алу, эпидемияга қарсы) көңіл белінеді.
Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Аурухана ішілік инфекциялардың көзі:
1. Ауруханада ұзақ емделген науқас
2. Бактерия тасымалдаушылар
3. Ауруханадағы медициналық қызметкерлер
Аурухана ішілік инфекциялардың беріліс механизмдері мен факторлары: 1. Нәжіс –ауыз механизмі – таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы. Аэрогенді механизм – берілу жолы ауа-тамшы. Жанасу механизмі төсек жабдықтары, жараны таңу материалдары, құрал-саймандар. Трансмессивті мезанизм – қан сорғыш жәндіктер арқылы. Алдын алу шаралары: Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу 3 бағытта жасалады: инфекция көзі, беріліс механизмі, қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Негізгі мақсаты инфекцияны кіргізбеу, ауруханада жұқтырудың алдын алу.