«Жалпы медицина» курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәні бойынша рубежді бақылау сұрақтары


Оба. Обаның табиғи ошақтары. Клиникалық жіктелісі. Зертханалық диагностикалау. Алдын алу. ЭҚШ



бет3/21
Дата08.10.2023
өлшемі1,76 Mb.
#184168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Эпид 2
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, 04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1), Tuition-and-fees-2023-24 rus
Оба. Обаның табиғи ошақтары. Клиникалық жіктелісі. Зертханалық диагностикалау. Алдын алу. ЭҚШ.

Оба-қоздырғыштары әртүрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің және сепсистің зақымдалуымен сипатталатын, зоонозды табиғаты-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.
Қоздырғышы:Yersinia pestis. 30-ға тарта антигені бар. Табиғи ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер оның ішінде негізгілері:сарышұнақ, суыр, ауру адам.
Оба инфекциясының берілу жолдары: Трасмиссивті, алиментарлы, ауа-тамшылы, зақымдалған тері шырышты қабат арқылы.
Патогенез. Қоздырғыштардың ену жолдары. Зақымдалған тері, көздің шырышты қабаты, тыныс алу жолдарының шырышты қабаты, асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты арқылы енеді.Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды. Обаның клиникалық жіктелуін Руднев 1970жылы ашқан.
Орналасуына байланысты: терілік, бубонды, тері-бубонды.
Генерализденген формасы: біріншілік септикалық, екіншілік септикалық.
Ішкі дессемирленген формасы: біріншілік-өкпелік, екіншілік-өкпелік, ішектік.
Обаның клиникасында 2 синдромды ажыратады:
Жалпы интоксикация синдромы
Патологиялық процесстің орналасуына байланысты.
Оба диагностикасы. Клиникалық көрінісіне,эпидемиологиялық мәліметтерге, лабараторлы тексеру әдістерінің қортындысы оң болған нәтижеде обаның диагнозы қойылады. Лабараториялық әдістер:(бактериологиялық, биология лық, серологиялық, экспресс әдістері)
Обаның емі. Емі комплексті сонымен қатар режим, диета.
Этиотропты ем: (стрептомицин,левомицитин, тетрациклин, бактрим) моно немесе политерапия түрінде 7-10 күн аралығында.
Патогенетикалық ем: Симптоматикалық емдеу шаралары жатады.
Оба профиактикасы. Табиғи ошақтарда аурудың пайда болуының алдын-алу. Аурудың енуінің алдын-алу. Халық пен белгілі маман топтарын вакцинациялау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет