Бұғанаастылық өрімнің ұзын тармақтары:
Бұлшықет терілік жүйкесі латеральды будадан шығып, құстұмсық иық бұлшықетін тесіп өтіп, иықтың алдыңғы бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Иық және екі басты бұлшықеттің арасынан иықтың латеральды жағынан өтіп, білектің кәрі жілік бөлігінің терісін жүйкелендіреді. Солай ол білектің латеральды терілік жүйкесі болып табылады.
Орталық жүйке медиальды және латеральды будалардан шығып, қолтық асты артериясын екі жақтан қаусарып, иық артериясымен бірге орталық екібасты бұлшықеттің жүлгесіне келеді. Нерв шынтақ жүлгесінде жұмыр пронатор мен беткей саусақ бүккіштер астына келіп, соңғылармен тереі саусақ бүккіш бұлшықеттерінің арасымен алақанға келеді. Бұл жүйкеден иық бұлшықеттеріне тармақтар бармайды, білекте білектің шынтақтық бүккіші және терең саусақ бүккіштің медиальды бөлігінен басқа барлық бұлшықеттерді жүйкелендіреді. Тармақтардың бірі, n. interrosseus anterior терең бүккіш бұлшықеттерді, шаршы пронаторды және кәрі жілік-білезік буынын жүйкелендіреді. Орталық жүйкенің алақанды бүккіштері үш тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар бірінші, екінші үшінші алақан-сүйек аралықтары бойымен алақан апоневрозы астында саусақтарға келеді. Сонымен қатар thenar бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Өз кезегінде жеті nn. Palmares digitales-терге бөлінеді. Олар бірінше және үшінші саусақтарды екі жағынан, төртінші саусақтың кәрі жілік жағына барады.
Шынтақ жүйкесі өрімнің медиальды будасынан шығады, медиальды айдаршықтың артынан өтіп, шынтақ жүлгесіне келеді. Білезіктің шынтақтық каналы арқылы алақанға келеді. Одағ әрі білезіктің алақандық тармақтарына жалғасады. Ортаңғы жүйке секілді иыққа тармақ бермейді. Білезік пен қол ұшына келесі тармақтар береді: буындық тармақ – шынтақ буынына барады; бұлшықеттік тармақ – білезіктің шынтақтық бүккіш бұлшықеті және терең бүккіш бұлшықеттерді жүйкелендіреді; саусақта жүйке екі тармақққа бөлінеді: беткей және терең. Беткей тармағы бесінше және төртінші саусақтардың медиальды бетінің терісін және алақанның сәйкес бөлігін жүйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |