Кумбс реакциясы (антиглобулинді реакция)
Бұл реакцияны құрамында 1 ғана белсенді орталығы бар және антигеннің бір детерминантты тобымен байланысатын толық емес (моновалентті, тежеуші) антиденені анықтау үшін қолданады. Сондықтан да пайда болған антиген-антидене комплексі микроагрегат, тұнба түзбейді, лайланбайды және басқа да өзгерістерге ұшырамайды. Ал Кумбс реакциясы нәтижені көзбен қарап-ақ бағалауға мүмкіндік береді. Диагностика үшін: резус-келіспеушілікте, бруцеллезде, аутоиммунды ауруларда (қызыл бөрі ауруы, полиартрит) қолданады.
Мақсаты: Жүкті әйелдің зерттелетін сары су құрамында, резус-антигенге қарсы толық емес антиденені анықтау үшін. Ингредиенттері: зерттелетін сары су, қоянның антиглобулинді сарысуы (АГС), құрамында резус-антигені бар эритроцит. АГС-ті қоянды адамның глобулиндерімен иммунизациялау жолы арқылы дайындайды. АГС-тің құрамында адамның әртурлі глобулиндеріне қарсы толық, бивалентті антиденелер бар.
Техникасы және нәтижесі:
Зерттелетін сарысуға резус-антигені бар эритроцит қосылады. 1 сағат инкубациядан кейін АГС-ті енгізеді. Реакция нәтижелі болса, гемагглютинация байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |