Саңырауқұлақтардың морфологиялық сипаттамасы.
Саңырауқұлақтар Fungi әлеміне (Mycetes Mycota) жатады.Олар көпжасушалы немесе бір жасушалы, жасуша қабығы бар хлорофильсіз микроорганизмдер. Эукариоттар яғни «Eucarya» доменіне жатады. Табиғатта, әсіресе топырақта кең таралған. Саңырауқұлақтардың ядролық қабығы, ядро, цитоплазма, органеллалар, цитоплазмалық мембрана және бірнеше типті полисахаридтер (маннан, глюкан, целлюлоза, хитин), ақуыз, липидтен және т.б. құралған көпқабатты, ригидті жасуша қабығы бар. Кейбір саңырауқұлақтар капсула түзеді. Саңырауқұлатар грам оң микробтар, вегетативті жасушалары қышқылға төзімсіз, саңырауқұлақ денесі-талломом деп аталады. Ащытқы саңырауқұлақтар жеке сопақшалы торшалар түзеді. Көгерткіш саңырауқұлақтар құрылысы жасушалық жіпше тәрізді - гифтер. Мицелий- гифтердің шоғырлануы - басты морфологиялық құрылысы Саңырауқұлақтар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Вегетативті көбею барысында мамандандырылған репродуктивті құрылысы - споралар- конидии түзеді. Медициналық маңызы бар көптеген саңырауқұлақтардың түрлері үшін конидиялардың болуы ( немесе экзоспора), жыныссыз жолмен көбею түрі. Олардың жиі кездесетін түрлері- бластопоралар, хламидоспоралар, артроспоралар, конидиоспоралар.
Достарыңызбен бөлісу: |