«Штрих» әдісі- ілмек немесе тампон арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жиі штрих жасау. Бұл әдіс сандық анықтаусыз бөлектенген колонияларды алуға көмектеседі
Дригальский әдісі - сапалы әдіс болып саналады. Зерттелетін материалдан жекелеген колонияларды алу үшін зерттелетін материалды бірінші табақшаға шпательмен жағады, оттыққа шпательді күйдірмей, сол күйде 2, 3, 4 т.б. табақшаларға жағады. Осылай егу арқылы бірыңғай колония алуға болады.
Гоулди әдісі (сандық әдіс) 1 мл зерттелетін материалдағы (зәр, ірің, экссудат т.б. биологиялық сұйықтық) тіршілікке қабілетті бактериалардың (КТБ н/е КОЕ) санын анықтауға көмектеседі. Бактериалогиялық ілмектің көмегі (d = 2 мм) арқылы зерттеу материалын қатты қоректік ортаға I жағдай секторында 40 штрихқа дейін егеді. Стерильді бактериалогиялық ілмекпен I сектордан 4 штрих алынып II секторға егіледі; содан II- ден III-ге, III-ден IV - геегеді. I және 1V сектор штрихтары ешқашан қиылыспау керек. Бір тәуліктік инкубациядан соң КТБ анықтайды.