Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары.
Берілген бөлімде бөтендігі бар агенттің антигендік ерекшілігіне тәуелсіз организмнің қорғаныс факторлары туралы жазылған.
Тері және кілегейлі қабықшаның механикалық тосқауыл функциясы, қанның әртүрлі бактерицидті заттары, қалыпты микрофлораның колонизациялық резистенттілігі, фагоциттер және комплемент жүйесі организмде қоздырғыштың болу болмауына тәуелсіз болады және өзара байланысып организмді инфекциядан сақтайтын спецификалық қорғаныс қызметін атқарады. Бұл қорғаныш күштер организмге әртүрлі жолдар арқылы енген заттарды және инфекция қоздырғыштарын генетикалық бөтендігі бар материал ретінде танымайды. Бірақ көп жағдайда жүре пайда болатын иммунитетпен салыстырғанда нәтижелі әсер етіп, элиминацияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инфекционды процесс генезіндегі спецификалық резистенттілік факторлары және инфекцияға қарсы қорғаныстың иммунды механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.
Тері_жабыны - инфекцияның ену жолдарының сирек түрі болып саналады. Мүйізді қабатының айтарлықтай тығыздығы, эпидермальді қабаттың әркезде жиырылуы, рН мәнін төмендететін сүт, май қышқылдарын тері және май бездері көп болуы, терінің қалыпты мик-рофлорасы антогонистік қасиеті арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының адгезиямен колонизациясына қолайсыз жағдай тудырады. Дегенмен оба таяқшасы, лептоспира, түйнеме бацилласы сияқты микроорганизмдер тері жабынына тез енеді. Қоздырғыштар организмнің бүтіндігі бүзылғанда, бактерицидті белсінділік төмендегенде организмге енеді. Инфекциялық бастаманың ену жолдарының негізгілеріне - асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабықшасы, жоғарғы тыныс aлy жолдарының және сыртқы несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықшасы жатады. Статистика барлық инфекциялық патологияның арасында ішек және респираторлы инфекцияның доминантты ролін анық көрсетеді.
Шірінді қабықшаның беткейіндегі микробүрлерлердің аймағында организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға, сырттан түскен бөтендігі бар заттарды, соның ішінде инфекция қоздырғышынан ескертуге бағытталған көрінбейтін бақылау болады. Шекаралы сызықтағы қаупсіздікті бақылайтын бұл қандай күш десек, өз кезінде Безредко оны жергілікті иммунитеті деп атаған. Оларды қайта атап өтейік: секреторлы иммуноглобулин А, фагоцит, комплемент, лизоцим, интерферон, трансферрин, бета-лизин, өзге микробоцидті секреттер. Сонымен қатар эпителий десквамациясы, ішек перистальтикасы, жаңаратын муцин қабаты; микроорганизмдерді жоятын кілегей сияқты механикалық факторлардың маңызы зор.
Жыбыр эпителийдің кілегеймен жабылған кірпікшелері жұтылған ауаның құрамында болатын микробтардың өзіне адсорбциялайды және тазалауды қамтамасыз етеді. Тыныс алу жолдарының төменгі бөлігінде және альвеолаларда кілегей жоқ, бірақ эпителийдің беткейі беткей-активті зат - сурфактанттың қабатымен жабылған. Ол микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне кедергі жасайды. Коньюктиваға түскен бактериялар жас сұйықтығымен шайылады.
Қалыпты микрофлора. Организмнің инфекциядан қорғануында ерекше орынды ашық қуыстардың кілегейлі жабынын мекендейтін қалыпты микрофлора алады. Негізінен олар ішекте, сыртқы жыныс мүшелерінде, жоғарғы тыныс алу жолдарында микробиоценоз түзеді. Қалыпты микрофлоранын тұрақты немесе облигатты түрлері биотопта көп жағдайда анаэробтармен берілген (бактероид, фузобактерия, бифидобактерия, лактобацилла және т.б.). Олар адгезияға және кілегейдің патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен колонизациясына кедергі жасайды. Облигатты микроорганизмдердің мұндай қасиеті колонизациялық резистенттілік деп аталады және рН ортасын 5-6 дейін төмендететін, бактериоцин, лизоцим, органикалық қышқылдардың шығарылуымен, қоректік субстраттарға бәсекелестігімен сипатталады. Одан басқа облитты микрофлора транзиторлы микроорганизмдердің адгезиясын тоқтататын кілегейдің беткейінде тығыз биопленка түзеді.
Дизодим немесе мурамидаза - микробқа қарсы қорғаныстың филогенезіндегі ежелгі факторлардың бірі болып саналады. Ең алғаш рет А Флеминг ашқан Бұл фермент, термостабильді белок қан сарысуында, сілекейде, көз жасы сұйықтығында, ликворда, ана сүтінде кездеседі. Оларды макрофагтар, моноциттер, гранулоциттер шығарады. Лизо-цимнін бактерицидтік әсері прокариот клеткаларының клетка қабықшасының қүрамына кіретін мурамин қышқылын, пептидогликанды ыдыратуында байқалады. Әсіресе грам оң микроорганизмдер сезімтал болып келеді.
Фибронектин - макрофагтар синтездейтін плазма және тін сүйықтығының белогы. Микроорганизмдердің фагоцит мембранасымен байланысуын қамтамасыз етеді.Сепсис кезінде плазмадағы фибронектин концентрациясы жылдам төмендейді.
Лактофеприн - нейтрофилдер бөлетін белок, микроорганизм тіршілігін тежейтін гидроксилді радикалдардың түзілуін күшейтеді.
Бета-лизиндерді тромбоцит бөліп шығарады. Ол бактерицидті нәтиже көрсетеді;
Трансферрин - қажетті метаболит үшін микроорганизмдермен бәсекелеседі, онсыз қоздырғыштар көбейе алмайды.
Пропердин - қан сары суының белогы. Ол комплемент жүйесі арқылы бөтен антигенді бүзады.
Достарыңызбен бөлісу: |