Жалпы орта білім беру деңгейінің 11- сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының үлгілік оқу бағдарламасы



бет2/4
Дата17.11.2022
өлшемі35,72 Kb.
#158688
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Жаһандық Қ 10сын қаз

Оқу курсының базалық мазмұны

6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде білім алушылар «Жаһандық құзыреттіліктер» ұғымымен танысады, жобалық жұмыстың тақырыптары мен мақсаттарын, жобалық топ мүшелерін, қажетті ақпарат көздерін, ақпаратты талдау және жинау, нәтижелерді ұсыну тәсілдерін айқындайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен критерийлерін белгілейді, жобалық топ мүшелері арасында міндеттерді бөледі.
Екінші бөлімде жаһандық экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелердің негізгі түрлері қарастырылады. Жобалау жұмысы кезінде білім алушыларға зерттеу жүргізу үшін тақырыпты таңдауда еркіндік беріледі. Зерттеу тақырыбын анықтағаннан кейін білім алушылар халықаралық және жергілікті дереккөздерге шолу жасайды.
Үшінші бөлім аясында білім алушылар әртүрлі мәдениеттер өкілдерінің дүниетанымын түсінуге, толеранттылық танытуға, басқа адамдардың көзқарастарын құрметтеуге үйренеді. Білім алушылар жобаның зерттеу міндеттерін жинауға және нақтылауға, кезең-кезеңімен орындауға кіріседі.
Төртінші бөлім білім алушылардың өзіндік ерекшелігі мен мәдениеттердің әртүрлілігін түсінуін қалыптастыруға, әртүрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесімен танысуға бағытталған. Білім алушылар ақпаратты талдау, түйінді ойларды тұжырымдау және жобаны рәсімдеу бойынша жұмыс істейді.
Бесінші бөлім ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына арналған. Білім алушылар алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, жобаның орындалу барысы туралы есеп дайындайды, негізгі қорытындыларға талдау жүргізеді.



  1. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Білім алушылар:

  1. жаһандық мәселелерді зерттейді;

  2. мәдениетаралық айырмашылықтарды түсінеді;

  3. басқа адамдардың дүниетанымдарын қабылдайды;

  4. экологиялық тұрақтылықты насихаттау және сақтайды.

Білім алушыларда:



  1. аналитикалық және сыни ойлау;

  2. мәдениетаралық коммуникация;

  3. икемділік;

  4. жанжалдарды басқару дағдылар қалыптасады.

Білім алушылар:

  1. ашықтық;

  2. құрмет;

  3. адалдық;

  4. адамның қадір-қасиеті;

  5. мәдени әртүрлілік құндылықтарын дамытады.

Білім алушылар:



  1. басқа мәдениеттер өкілдеріне ашықтық;

  2. басқа мәдениеттер мен мәдени айырмашылықтарды құрметтеу;

  3. көзқарастар кеңдігі;

  4. жауапкершілік;

  5. бейімделу қасиеттерін көрсетеді

Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.




Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының Үлгілік оқу бағдарламасына қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет