Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет7/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
6. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

95. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:



  1. Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін;

  2. Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберін;

  3. Қазақстан тарихының негiзгi тарихи мәселелерiнiң зерттелу жайы, ондағы түрлi көзқарастар туралы;

  4. көшпелiлер өркениетiнiң тарихтағы орнын, дүниежүзiлiк өркениетке қосқан үлесiн;

  5. қазақтың көшпелi өркениетi туралы;

  6. Қазақстан аумағындағы мемлекеттiлiктiң пайда болуы, қалыптасуы және дамуын;

  7. қазақ қоғамының материалдық, рухани жетiстiктерi, оның өзiндiк ерекшелiктерi туралы;

  8. қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін;

  9. Қазақстан тарихындағы Ұлы Жiбек жолының тарихи маңызын білуі тиіс.

96. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1) Қазақстан тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі екендігін дәлелдей білуді;
2) тарихи оқиғалар мен фактілердің хронологиялық және синхрондық таблицаларын жасауды;
3) қазақ халқының шығу тегiн, этникалық тарихын, даму, қалыптасу үдерiсiн ашып көрсете алуды;
4) Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің құрылымын дүниежүзі тарихындағы басқа мемлекеттермен салыстыра алуды;
5) сәулет өнер ескерткiштерiнiң тарихына және мәдениетке сипаттама бере алуды;
6) мәдениет қайраткерлерiнің (ғалымдар, ойшылдар, ақын-жыраулар, сазгерлер) қызметiне сипаттама бере алуды;
7) Қазақстанның Ресей империясына қосылу үдерісі, жаулап алуы, отаршылдық саясатының салдарын ашып көрсетуді;
8) ХVШ-ХIХ ғасырлардағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттай алуды меңгеруі тиіс.
97. 11 сыныптың соңында оқушылар:

  1. Қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күрестерi мен қозғалыстарының тарихын, XVIII-XІX ғасырлардағы басты-басты ұлт-азаттық қозғалыстарды, олардың себептерiн, негiзгi оқиғаларын, нәтижелерi мен салдарын;

  2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың, олардың бағдарламаларының мәнiн;

  3. Ресейдегi саяси, революциялық оқиғалардың Қазақстанға әсерi туралы;

  4. 1920-1930-жылдардағы мәдениет саласындағы негiзгi өзгерiстердi, осы саясаттың мәнін;

  5. патша өкiметi мен Кеңес мемлекетiнiң қоныс аудару саясатын, тың және тыңайған жерлердi игеру, Тәуелсiз Қазақстан Республикасының көшiп-қону саясатының мәнiн;

  6. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен комсомолының тарихы мен қызметiн;

  7. қазақ тiлiнiң – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл ретiндегi рөлі мен маңызын;

  8. қазақ диаспорасының өткен және қазiргi тарихын;

  9. Қазақстанның тарихи-жағрафиялық орналасуын, онымен шектесетiн мемлекеттерді, түрлi кезеңдердегi Қазақстан территориясында болған тарихи оқиғаларды білуі тиіс.

98. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) ұлт-азаттық күрес басшыларының қызметiне баға бере білуді;
2) қазақтың ұлттық интеллигенциялары мен оның көрнектi қайраткерлерiнiң қызметiне сипаттама бере алуды;
3) «Алаш» партиясының қызметiне, оның саяси бағдарламасына баға бере білуді;
4) 1920-1930 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын, бай қожалықтарын тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, кулактар мен байларды тап ретінде жою саясатының мәнін ашып көрсетуді;
5) 1931-1933 жылдары болған ашаршылықтың және халық көтерілістерінің себептерiн түсiндiрiп бере алуды, олардың зардаптарын анықтай білуді;
6) 1930-жылдардағы болған жаппай қуғын-сүргiннiң мақсатын, оның зардаптарын ашып көрсете алуды, оларға өз көзқарасын бiлдiруді;
7) мәдениет саласындағы пiкiрталастарда өз көзқарасын бiлдiре алуды;
8) Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерiн, түрлi тарихи кезеңдердегi ұлтаралық қатынас саясатының және демографиялық жағдайлардың мәнiн ашып көрсете алуды;
9) тәуелсiз Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, мәдени өмірдегі, сыртқы саясаттағы негізгі өзгерiстерге талдау жасай білуді;

  1. қазіргі Қазақстандағы орын алған қиындықтар мен проблемаларға өз пiкiрiн бiлдiруді;

  2. мұрағаттағы тарихи құжаттар, кiтапханалардағы қажетті материалдар, каталог-карточкалар, мұражайлардағы мұрағаттар бойынша өз бетімен жұмыс iстеп, оның нәтижесiн күнделiктi сабақтарда пайдалана алуды;

  3. мерзiмдi баспасөз материалдарын күнделiктi оқу үдерiсiнде пайдалана білуді меңгеруі тиіс.

    1. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;

  2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

  3. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

  4. туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;

  5. салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

  6. өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;

  7. үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;

  8. әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.

100. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады. Оқушылар:

  1. ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

  2. ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;

  3. танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;

  4. қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;

  5. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет