Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет28/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

41. Оқушылар 10-сыныптың соңында:



  1. бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар және жігер, төзімділік, табандылық, қайсарлық пен батылдық, кісілік пен кішілік, кешірім мен келісім туралы терең түсініктерге ие болады;

  2. жалпыадамзаттық, этномәдени, ұлттық құндылықтардың өзара байланысын және арақатынасын түсінеді;

  3. жәбір көрсетудің және қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын біледі;

  4. өмірлік жағдаяттардағы тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі жайларды айырып, анықтай алады, оларды сипаттай біледі және өз қатынасын білдіре алады;

  5. тілектері мен мүмкіндіктерін обьективті түрде салыстыра алады, материалдық және материалдық емес қажеттіліктерді ажырата алады;

  6. әр түрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады;

  7. мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерін тани және бағалай алады, жағымсыз ниеттерді тежей алады, шиеленістерден аулақ болады, оларға тойтарыс бере алады және басқаларға зиян келтірмейтін шешім таба алады;

  8. азаматтығын сезінуге талпынады, қазақ тіліне және өзге тілдерге, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен өзге халықтар дәстүрлеріне құрметпен қарауы, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады;

  9. басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, олардың қоғамдағы орны мен ерекшеліктерін ескере отырып, құрмет пен шыдамдылық таныта алады.

42. 11-сыныпты бітірген оқушылар:

  1. бұрынғы сыныптарда меңгерген адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

  2. өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсінеді, өзара адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі;

  3. айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алады, ұжымда еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мәртебесін теңестіре алады;

  4. өз отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі жарқын болашағын сезіне алады;

  5. өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады;

  6. қоршаған әлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығы туралы біледі;

  7. өзінің ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алады;

  8. салауатты өмір сүре алады; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау ортасы жағдайларын қолдау және жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдана біледі;

  9. өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық және коммуникативтік технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана алады;

  10. күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдайды және азаматтық ұстанымын көрсете алады;

  11. нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет